Астана қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің аға жедел кезекшісі Қайрат Шайдуллин отбасын трагедиялық жағдайда жоғалтты.
Бұл түнде Қайрат кезекті қызметін атқару үстінде таңертең өзінің жалғыз қалатынын білген жоқ. Өрт ешкімді де – әйелін, балаларын, екі жастағы Руслан, ересектері Ринат, Ришат пен Динаны да аямады.
Шайдуллиндердің тату-тәтті отбасы тұрған үй жанып кетті. Бұл ауыр қаза үстінде Қайратқа еліміздің барлық қаржы полиция қызметкерлері және Астана қаласының әкімдігі қолдау көрсетті. Осыған орай Астана қаласы ЭСЖҚД ұжымы осы қайғылы оқиғадан қалыс қалмай көмек көрсеткендерге алғыс айтады.
Д.АЙТЖАНОВ, Астана қаласы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы.