• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Сәуір, 2020

Карантинде – 100 кітап!

661 рет
көрсетілді

Коронавирус пандемиясына байланысты қазақстандық жоғары оқу орындары қашықтықтан оқыту жүйесіне көшкені белгілі. Осы орайда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері карантин кезінде ой-өрістерін кеңейтіп, кітап оқып, білімдерін толықтырудықашықтан жалғастыруда.

Университет ректоры Ғ.Мұтановтың бастамасымен қолға алынған «ҚазҰУ студенті оқуы тиіс 100 кітап» жобасы ерекше мәнге ие болып, студенттердің қызығушылығын туғызуда.

Жуырда ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық ата-аналарды балаларынкітап оқуға баулуға шақырғаны белгілі. Осы орайда «100 кітап» жобасын бірнеше жыл бойы табысты жүзеге асырып келе жатқан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттері бұл үндеуге қолдау білдіріп, ары қарай жалғастыруды қолға алды. kaznu.kzмәліметтеріне сүйенсек, университет студенттер оқуға тиісті жүз кітапқа классикалық әлемдік туындылар мен ұлттық әдебиеттің ең үздік тізімін ұсынып отыр. Сондықтан да әрбір студент уақытты ұтымды пайдалану керектігі мен оның ең жақсы тәсілі – кітап оқу арқылы өзін-өзі дамыту және тәрбиелеуге инвестициялау екендігін түсінуі қажет.

«100 кітап», «Айналаңды нұрландыр» сынды университеттік жобалар жастардың азаматтық және рухани-адамгершілік тәрбиесіне үлкен үлес қосуда. Кітап оқуды танымал ету мақсатында факультеттерде кураторлық сағаттар, әдеби кездесулер мен шығармалардың танымал авторларымен арнайы кештер онлайн режимде өтуде. Ең белсенді студенттер «Жыл оқырманы» байқауына қатысатын болады.

Бос уақытын жақсы кітаптар мен мазмұнды және сапалы әдебиеттерді оқуға арнай отырып, ҚазҰУ студенттері кәсіби және рухани-адамгершілікті қалыптастыруға атсалысуда.