• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Спорт 15 Сәуір, 2020

Қос футболшы коронавирустан емделіп шықты

207 рет
көрсетілді

Біраз уақыт ауруханада ем-дом алған Италияның А сериясында өнер көрсетіп жүрген «Ювентус» клубының қос ойыншысы Блез Матюиди мен Даниэле Ругани коронавирустан толықтай айықты.  

Апеннин түбегінде осы індеттің өршіп тұрғаны мәлім. Коронавирусқа шалыққандар қатарында футболшылар да аз емес. Осыдан біраз уақыт бұрын есімдері жоғарыда аталған ойыншылардың осы дертті жұқтырғаны анықталған еді. Содан олар ауруханаға жатқызылды. Ал кеше сол азаматтардың қатерлі аурудан емделіп шыққаны белгілі болды.

 

33 жастағы Францияның азаматы Блез Матюиди 2017 жылдан бері «Ювентусте» ойнап жүр. Сол аралықта 86 рет жасыл алаңға шыққан жартылай қорғаушы алты голды қақпаға тоғытты. Сондай-ақ, ол өз елінің ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетуде.

 

25 жастағы Даниэле Ругани 2015 жылы турнирдік клубтың жейдесін киді. Италиялық қорғаушы қорғаныс шебінде ойнайды. 2016-2018 жылдары ол ұлттық команданың мүшесі болды.