• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Медицина 16 Сәуір, 2020

Бұл – мемлекетіміздің үлкен қолдауы

145 рет
көрсетілді

Біз 23 наурыздан 5 сәуірге дейін тәулік бойы ауруханада болып, үзіліссіз жұмыс істедік. Қасымда 3 дә­рігер, 2 реаниматолог, 6 медбике, 6 кіші медицина қызметкері бол­ды. Ауру жұқтырған және кү­мәнді науқастармен тікелей қарым-қатынаста болып, емдедік, ау­руын анықтадық. 14 күндік кезе­гімізді атқарып болған соң об­лыстық денсаулық сақтау бас­қармасы қала сыртындағы демалыс орнына жіберді.

Әрине дәрігер маман­дығы қа­шанда қиын, жауап­ты маман­дық. Осы ма­ман­дықты өзім таң­дағандықтан, басымды бәйгеге тігуге дайын­мын. Отбасымызды көрме­ге­ні­мізге 20 шақты күн болды. Ең қиыны сол екен. Бірақ бәрі де уақытша қиындық қой. 

Мен медицина қызмет­кер­лерінің қауіптілігі аса жоғары 1-тобына кіремін. Төлемақыны толық алдым. Бірақ біз ақша үшін жұмыс істеген жоқпыз. Өз кә­сіби міндетімізді атқардық. Осы еңбегімізді жоғары бағала­ған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа рахмет айтамын. Бұл мемлекеттің медицина қызмет­керлеріне жасаған үлкен қолдауы. Бәріміз де дән ризамыз.

 

Гүлмира ҚАЛМАҒАНБЕТОВА,

Ақтөбе облыстық инфекциялық ауруханасының инфекционист дәрігері