• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
10 Қыркүйек, 2013

Қазақстандық патриотизм – ұлттық идеологияның уығы

625 рет
көрсетілді

Астанадағы №64 мектеп лицейде оқу­шы­ларға дәріс оқыған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сөзінде патриоттықтың ұлы ұғым екенін атап көрсетті. Президент өз дәрісінің алтын арқауы етіп отаншылдықты алды. Биылдан бастап мектептерде «Қазақ елі» деген пән енгізіліп отырғаны белгілі. Соның бірінші сабағын Нұрсұлтан Назарбаев жоғарыда аталған оқу ошағында өзі өткізгені де көпшіліктің есінде.

Жастарымызды патриоттыққа тәрбие­лейтін тақырыптар сан алуан. Отан үшін қасық қаны қалғанша айқасып, түрлі ерлік қимылдарға бару – солардың бір парасы. Елімізде осыған үлгі болатын ержүрек азаматтар да аз емес. Солардың бірі – Жангелді МАХАШОВ. Ол – өзінің бүкіл болмысымен өзгелерге үлгі бола алатын тұлға. Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысып, майдан жорықтарынан өткен кешегі сарбаз. Жат жерде жүріп, интернационалдық борышын атқарды. Ең бастысы – антына адал болды. Құрдастары сияқты соғысты тек кинолардан тамашалаған жоқ. Соғысты өз көзімен көрді, оқ-дәрінің исін иіскеді, қан кешті. Сон­дықтан оның патриотизм жөнінде айтқан әңгімелері әсерлі. Жүрегінен өткізіп сөйлейді.

 

Астанадағы №64 мектеп лицейде оқу­шы­ларға дәріс оқыған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сөзінде патриоттықтың ұлы ұғым екенін атап көрсетті. Президент өз дәрісінің алтын арқауы етіп отаншылдықты алды. Биылдан бастап мектептерде «Қазақ елі» деген пән енгізіліп отырғаны белгілі. Соның бірінші сабағын Нұрсұлтан Назарбаев жоғарыда аталған оқу ошағында өзі өткізгені де көпшіліктің есінде.

Жастарымызды патриоттыққа тәрбие­лейтін тақырыптар сан алуан. Отан үшін қасық қаны қалғанша айқасып, түрлі ерлік қимылдарға бару – солардың бір парасы. Елімізде осыған үлгі болатын ержүрек азаматтар да аз емес. Солардың бірі – Жангелді МАХАШОВ. Ол – өзінің бүкіл болмысымен өзгелерге үлгі бола алатын тұлға. Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысып, майдан жорықтарынан өткен кешегі сарбаз. Жат жерде жүріп, интернационалдық борышын атқарды. Ең бастысы – антына адал болды. Құрдастары сияқты соғысты тек кинолардан тамашалаған жоқ. Соғысты өз көзімен көрді, оқ-дәрінің исін иіскеді, қан кешті. Сон­дықтан оның патриотизм жөнінде айтқан әңгімелері әсерлі. Жүрегінен өткізіп сөйлейді.

– Жангелді, Мемлекет бас­шысының биылғы Жол­дауынан патриотизм жөнінде қандай тұжырым таратуға болады?

– Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында патриотизм, отансүйгіштік хақында жақсы айтты. Мемлекетіміз көп этнос­ты және көп конфессиялы. Сон­дықтан қазақстандықтардың мақсаты қарапайым әрі ұғынық­ты. Біз қоғамдық келісімді сақ­тауға және оны нығайтуға тиіспіз. Бұл түсіне білген жанға мемлекетіміздің қоғам ретінде, ұлт ретінде өмір сүруінің айнымас шарты іспетті. Демек, ортақ үйіміз болып табылатын кең байтақ Отанымызда тұратын өзге ұлт пен ұлыс өкілдерімен тіл табысып, тату-тәтті, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру барша қазақтың қағидасы болуы шарт. Береке бар жерге бақ тұрақтайды. Өз халқын сүйетін адам, өз жұр­тына жақсылық тілеген жан өзге халықтарды ашындырмайды, өз ұлтын ешкімге қарсы қоймайды.

Қазақстан – біздің қасиет­ті мекеніміз. Демек, басты жауапкершілік біздерге, қазақ­тар­ға артылатынын Елбасымыз орынды меңзеп отыр. Өйткені, елдің де, жердің де иесі – өзіміз. Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі өз Отанында өмір сүргенді артық көретіндей болуы тиіс. Біз өскелең ұрпақты осындай өміршең қағидаттар негізінде тәрбиелеуіміз керек. Болашаққа сенім болмаса, толыққанды мемлекет құруға болмайды.

Жолдауда айтылғанындай, мұны қазақстандық патриотизмнің негізін қалаушы алғышарттар деп түсінгеніміз ләзім. Бар­лық этностар азаматтары құқық­тарының теңдігі, қазақ тілі және тілдердің үштұғырлылығы, мәдениет, дәстүр және даралық, ұлттық интелигенцияның рөлі, ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін мәселелері жан-жақты пы­сықталып, негізді дәйектелген патриотизм ұлттық идеологиямыз­дың уығына айналуы қажет. Сайып келгенде, Қазақстан пат­риотизмінің іргетасы барлық азаматтардың тең құқылы және олардың Отан на мысы алдындағы жалпы жауапкершілігі деген ұғым. Жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбилеу мақсатында Қазақстан Президенті ауқымды шараларды жүзеге асыру үстінде. Демек, осы игі мақсат жолында өз үлесімізді қосуды азаматтық парызымыз деп санаймыз.

– Оңтүстік Қазақстан облысында ауған соғысы ардагер­лерінің төрағасы болып 7 жылдай істедіңіз. Шымкент қала­лық әкімдігінің жиналыстарында, мәслихаттың сессияларында қарулас достарыңыздың аты­нан сөз сөйлеп, мұң-мұқ­та­жын жеткізетін едіңіз. Кейін Шымкент қалалық мәс­лихатына депутат болып сай­ланып, мәслихат хатшысы,­ одан соң қала әкімінің кеңес­шісі, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі­нің бас­тығы қызметтерін атқар­дыңыз. Жалпы, өзіңіздің өмір жолыңыз туралы айтып өтсеңіз?

– Келесі жылы кеңес әскер­лерінің Ауғанстан жерінен шы­ғарылғанына 25 жыл толады. Жеңімпазы жоқ соғысқа 22 мыңдай қазақстандық қаты­сып, мыңға жуық боздақтан айы­рылдық. Жар құшып, бала сүйіп үлгермеген тағы мыңнан астам жігіт елге мүгедек болып оралды. Республика бойынша ауған соғысының қанды қасабынан аман-есен оралған, жаны жаралы 18 мыңнан астам ардагер ортамызда жүр. Бүгінгі таңда ардагерлеріміздің әлеуметтік жағдайы ойдағыдай емес. Мәр­тебелері әлі күнге дейін анықталған жоқ. Сұрапыл соғыс 10 жылға созылса да қантөгістің себебін, қазақ жігіттерінің ерлігін бүгінгі жас ұрпақ біле бермейді. Біз ауған соғысы ардагерлеріне, ұлдары қаза тапқан ата-аналарына, олардың отбасына құрметпен қарап, қамқорлық танытудамыз.

Оңтүстік Қазақстан облысы­ның Түркістан қаласында көпбалалы отбасында дүниеге кел­ген­мін. Әке-шешем үш ұл, бес қыз тәрбиелеген. Ресейдің Екатеринбург қаласындағы Урал заң институтын, Алматы эконо­мика және статистика академия­сын бітірдім. Мамандығым – заңгер-экономист. Еңбек жолым қарапайым күзетшіден бас­талды. Ресейде күзет мекеме­сінің басшысынадейін көтеріл­дім. 1999 жылдан 2002 жылға дейін Шымкенттегі кеден бас­қармасында бөлім басшысы болып қызмет атқардым. ОҚО Ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы болып істеп жүргенде, қаруластарыма, мүгедек және қаза тапқан жауынгерлердің ата-аналарына, зайыптарына материалдық, моральдық көмектер көрсеттік. 2005 жылы 70-тен астам ардагерге біздің жәрдемізбен Шымкент қаласында жер телімі берілді. Сол жылы «Достық» шағын ауданында Ауған соғысында қаза тапқан жауынгердің әкесі мен жесір қалған жұбайына біздің ықпалымызбен баспана салынды. 2009 жылы демеуші арқылы 3 бөлмелі пәтерді бұрынғы интернационалист жауынгерге сатып әпердік. 2010 жылы де­путаттарға сұраныс жасап, ауған соғысы ардагерлеріне кеңсе сатып алынды. Халық қалаулысы болған кезімде, ауған соғысы ардагерлеріне ай сайын қалалық бюджеттен көмек ретінде әрқайсысына 1700 тең­геден (Шымкентте 750 ардагер бар еді) қаржы бөлдірдік. Олар­дың қоғамдық көлікте тегін жүруіне ықпал еттік. Мереке сайын ардагерлерге сыйлықтар табыс етілетін.

– Абай атындағы саябақтың ашық аспан астындағы мұра­жайы Шымқаланың көрікті жерлерінің біріне айналды. Оны ұйымдастыруға Жангелді Махашовтың да еңбегі сіңді деген әңгімені құлағымыз шалып қалған еді.

– Оныңыз рас енді... Бұл мұ­ра­жай 2006 жылы сол кездегі облыс әкімі Болат Жылқышиевтің қол­дауымен салынған. Әскери техникамен кітап, кино арқы­лы танысқан бір бөлек те, жас­тардың оларды өз көзімен көріп, ұстағандары басқаша әсер қалдырады. Өскелең ұрпақ арасында әскери өмірге қызығып, осы салада қызмет етуге құмарту­шылардың қарасы көбейе түспе­сіне кім кепіл? Отансүйгіш жас­тарды тәрбиелеудің бір парасы осы шығар, бәлкім. Ел басына күн туғанда, Отанын қорғауға дайын тұратын ұлтжанды азаматтардың қатары бұдан былай көбейеді деген сенімдемін.

Мұның өзі сәті түскен оң­тайлы іс болды. Үкіметтің қау­лысынан кейін техникаларды еліміздің түкпір-түкпірінен жинай бастадық. Мәселен, бір ай жүріп Семей қаласынан танкіні, Теміртаудан БТР-70, Отардан БРДМ-ді, Шамалғаннан үш зеңбіректі алып келдік. Мұражайдың жер телімі, кұрылыс мәселелерін өзім жергілікті әкімдікпен бірге тікелей шешуге атсалысқан едім.

– Қазіргі таңда республика­лық «Ауғанстан ардагерлері» қоғамдық бірлестігі (төрағасы Халық Қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан ЕРТАЕВ) төрағасының бірінші орынбасары екеніңізді, «Ер Батыр» патриоттық қоғамдық қо­рын басқаратын

Соңғы жаңалықтар