Қала әкімі Ержан Иманзайыповтың мәліметінше, қалада елімізде Төтенше жағдайға байланысты қабылданған барлық іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Негізгі жүйе құраушы ірі өндіріс орындарының барлығы жұмыстарын жалғастыруда.
Ал, жалпы, қалада 141 тұрғын үй карантиніне алынған. Стационардың карантин бөлімінде 14 адам, инфекциялық бөлімде бір, провизорлық бөлімде бір тұрғын емделуде.
Қауіпті дертке қарсы қызмет көрсетіп жүрген 27 дәрігер қонақүйге орналастырылып, қажетті заттармен қамтылған.
Сонымен бірге науқастарды қабылдауға арналған 40 орын дайын. Қажет болған жағдайда, қосымша 100 орын қарастырылған.
Сондай-ақ Төтенше жағдай салдарынан тұрақты табысынан айырылғандар да басты назарда. Осы уақытқа дейін 42 500 теңгелік әлеуметтік көмекті алу үшін 17 723 өтініш түсіп, 14 660 адамға төленген. Шағын және орта бизнес өкілдері келіссөздер нәтижесінде 46 кәсіпкер маусым айының соңына дейін жалдау ақысын мүлде төлемейді. Қала аумағында 3 тосқауыл-бекеті қойылған. Қызметкерлердің барлығы тиісті киімдермен, құралдармен қамтылған. Әр бекетте бірнеше бейнебақылау камерасы қойылған.
Павлодар облысы