Қаржы полициясы Қазақстанға Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы А.Мешімбаеваны жеткізді
Үстіміздегі жылғы ақпанда 2009 жылы Қаржы полициясы қызметкерлері тарапынан іздеу жарияланған Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы А.Мешімбаеваның жүрген жері жедел жолмен анықталды.

Биылғы 6 ақпанда оны Мәскеу қаласында Ресей ІІМ қызметкерлері ұстаған болатын. Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарының оны беруінен кейін кеше таңертең Мәскеу – Астана әуе рейсімен Қаржы полициясы агенттігі қызметкерлерінің қарауылымен А.Мешімбаева Қазақстанға жеткізілді.
Естеріңізге салсақ, А.Мешімбаеваға 2009 жылғы қарашада ұлттық санақты жүргізуге бөлінген бюджет қаражатын талан-таражға салды деген айыппен халықаралық іздеу жарияланған болатын.
Бүгінгі күні ол Астана қаласы ІІД тергеу абақтысына тоғытылды.
«Егемен-ақпарат».