Кеше Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бюро отырысы болды. Онда Қазақстан Республикасы Президентінің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық сотының судьясын босатуға және сайлауға ұсынуы туралы мәселені талқылау Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетіне берілді.

Бюрода, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 2013 жылға арналған Негізгі шаралар жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Одан басқа, палатаның биылғы 12 қыркүйекте болатын отырысының күн тәртібіне ұсыныстар қаралды. Отырыста Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы талқыланатын болды.
Бұдан былай Сенат отырыстарын он-лайн режімде трансляциялау көзделуде. Ал келешекте палата тұрақты комитеттерінің кеңейтілген отырыстарын да көрсету қолға алынады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.