Ұлттық Банк Жамбыл облыстық филиалының директоры Евгений Шарыгин екінші деңгейлі банктердің төлемдер мен жәрдемақы төлеу жұмыстарының мерзімі ұзартылуына қатысты шараларды хабарлады.
Сәуір айындағы мәліметтерге сәйкес, банктерде 42500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны төлеу бойынша барлығы 43835 шот ашылған. Бүгінгі таңда көптеген банктерде электрондық қызметтер қолжетімді. Сондықтан да Евгений Шарыгин бұл орайда бөлімшелерге бармай-ақ төлем карталарын және шоттарды ашуға болатындығын айтты.
Сондай-ақ облыста 9 сәуірден бастап Nur Otan партиясының желісі бойынша «Біз біргеміз!» қорынан 50 мың теңге мөлшерінде жәрдемақы төлеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл көмекті шамамен халықтың әлеуметтік осал топтарын құрайтын 8,5 мыңдай адам алады деп жоспарлануда.
Жамбыл облысы