Алматы облысында коронавирус диагнозымен тағы 4 адам тіркелді. Ал бүгінгі жағдай бойынша аймақта індетпен ауырғандар саны 29 адамға жетті. Оның ішінде 7 науқас емделіп, ауруханадан шықты.
Анықталған науқастардың үшеуі Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары екен. Бір науқас Кербұлақ ауданынан анықталды. Ол жүктіліктің 23-24 аптасындағы әйел. Қазір барлық науқастар Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасына жатқызылды. Олармен байланыста болған адамдары анықталуда.