• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Сәуір, 2020

Жәрдемақы алуға қайтыс болған немесе елде тұрмайтындар атынан 534 өтініш түскен

347 рет
көрсетілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы орындармен бірлесе отырып, жалдамалы жұмысшы болып саналатын өтінім берушілердің расында ақысыз демалыс жіберілгендігін тексеруге кірісті.

Сондай-ақ, 42 500 теңге алу үшін зейнеткерлер мен жәрдемақы алушылардан да өтінімдер келіп түсуде. Әлеуметтік төлем алудағы тәртіп бойынша табыссыз қалған жұмыс істеуші азаматтарға қаржылай қолдау жасалады. Сондықтан «42 500 теңге» төлемге ТЖ мерзіміне дейін ресми еңбек еткен, оларға жұмыс беруші жарна немесе жеке табыс салығын аударған немесе өздері Бірыңғай жиынтық төлем (әрі қарай – БЖТ) төлеген зейнеткерлер, мүгедектер яки басқа мемлекеттік жәрдемақы түрлерін алушылар ала алады.

Өтінім берушіде ТЖ енгізгенше соңғы 12 айда әлеуметтік аударымдар, зейнетақы жарнасы, БЖТ жоқ немесе өзін бейресми жұмыспен қамтушылардан өтінім берген уақытқа дейін Біріңғай жинақтық төлем жіберілмеген 1,16 миллионға жуық өтінім түскені анықталып отыр.

Ескеретіні, «42 500 теңге» төлемге қаражат МӘСҚ тарапына бөлінетіндіктен, әлеуметтік төлем алу үшін мемлекеттік сақтандыру жүйесіне қатысқан абзал. Бастапқыда «42 500 теңге» төлемді тағайындау үшін ТЖ тәртібі енгізілгенше 12 ай ішінде кем дегенде 3 рет әлеуметтік аударым жасау талап етілді. Алайда азаматтарды мемлекеттік қолдау шараларымен кеңірек қамту аясында, әлеуметтік төлем жасау шарты ТЖ енгізілгенше 12 айда 1 ретке дейін қысқартылды.

Сәйкес өтінім берушілерді тексеру барысында, жұмыс берушідегі есепші маманның жалдамалы жұмысшылар үшін ТЖ енгізілгенше 12 айда ешқандай аударым жолдамағаны жайлы деректер жолықты.

Бұдан бөлек, кейбір өзін бейресми жұмыспен қамтушылардың «42 500 теңге» төлемге өтінім бергенше бір рет болсын БЖТ аударымын жасамағаны белгілі болды.

Аталмыш жағдайларда әлеуметтік төлем тағайындалмайды.

Бұған қоса, 534-ке жуық өтініш қайтыс болған адамның немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын азаматтың атынан берілген.

Жекелеген азаматтар өтінімнің онлайн берілетінін пайдаланып, қайтыс болған жандардың дерегін көрсеткен. Сонымен бірге, ел аумағынан тыс шетелге қоныс аудара отырып, әлеуметтік төлемге өтінім бергендер де бар.

Өтінім берушінің деректері ішінде барлық Қазақстан азаматтары туралы және де адамның қайтыс болғаны немесе шетелге қоныс аударғаны жайлы ақпарат толық қамтылған Жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қоры арқылы тексеріледі.

Мұндай өтінімдерге әлеуметтік төлем тағайындаудан үзілді-кесілді бас тартылатыны анық.

Әлеуметтік төлемдерді заңсыз алған адамдардың жауапкершілікке тартылады. Әлеуметтік төлем алушылардың заңсыз іс-қимылы Қылмыстық кодекстің аясында қарастырылады (190, 195 баптар).

Егер өтініш беруші қателесіп, әлеуметтік төлем алған болса, бірақ бұл қаражатты қайтару қажет деп санаса, 42 500 теңгені келесі шотқа жібере алады:

 Алушының атауы: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ

  БСН: 160440007161

  БСК: GCVPKZ2A

  ЖСК: KZ67009SS00368609110

  ТТК: 049

Халық банк пен Каспий банкте шоттары бар азаматтар, «Әлеуметтік төлемдерді қайтару» тетігін таңдай отырып, 42 500 теңгені банктердің ұялы қосымшасы арқылы қайтара алады.