Қазақстандағы көлік және логистикалық өнеркәсіп шығындары 300 млрд теңгеден асып отыр. Бүгінде 570-ке жуық көлік-логистикалық компаниялар мен қауымдастықтарды біріктіріп отырған «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлік одағының мәліметтері бойынша ағымдағы жылдың үш айында Қазақстандағы барлық көлік түрлерімен жүк тасымалдау көлемі 843,9 млн тоннаны құраған.
Көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4%-ға төмен. Ал жүк айналымы өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 1,4% төмендеп, 137,5 млрд теңгені құрап отыр.
Бүгінде әлемдік нарықтағы Қазақстанның көлік-логистикалық ықпалдастығын жүзеге асырып әрі инновацияларды енгізу, аймақтағы мультимодальды транспортты даматуға ықпал етіп отырған «KAZLOGISTICS» мәліметтері сонымен қатар биылғы жылдың бірінші тоқсанында 5386,6 млн жолаушы тасымалданғанын көрсетеді. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2,4% төмен. Жолаушы айналымы 65,4 млрд құрап, өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 4,1% аз.
Нәтижесінде транспорт және қойма шаруашылығындағы ЖІӨ 1%-ға төмендеп, шамамен 5472996,51 млн теңгені құрап, сәйкесінше кәсіпорындардың да кірісі де айтарлықтай азаяды, делінген ақпараттық мәлімдемеде.