• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
10 Қыркүйек, 2013

Қазақстан-Мажарстан бизнес-форумы

313 рет
көрсетілді

Будапешт қаласында Қазақстан Республикасының елшілігі Мажарстан Ұлттық экономика министрлігі мен Сауда-өнеркәсіптік палатасының атсалысуымен осы елдің жетекші іскер топтарының 100-ден аса өкілдері қатысқан Қазақстан-Мажарстан бизнес-форумын өткізді.

Шара барысында ма­жар тарапы Қазақстан Прези­денті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақ­стан-2050» Стратегиясы – қалып­тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жол­дауы, елдегі қоғамдық-саяси және экономикалық ахуал, атап айт­қанда, Астана қаласында ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу, «жа­сыл экономикаға» өтудің не­гізгі аспектілерімен таныстырылды.

Форумда екі елдің эконо­ми­калық әлеуеті тақырыбында Қазақстанның Мажарстандағы елшісі Нұрбах Рүстемов, Қазақстан-Мажарстан Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның тең төрағасы – Мажарстан Ұлттық экономика министрі Михай Варга, Ұлттық экономика вице-министрі Антал Николетти, «Мажар сауда үйлері» компаниясының төрағасы Вильмош Шкультети және Қазақстан-Мажарстан Іскерлік кеңесінің тең төрағасы Шандор Фашимон баяндама жасады.

Бизнес-форум аясында тараптар сауда-экономикалық және инвестиция салаларындағы екіжақты байланыстарды тереңдету мен оның аясын кеңейту мәселесін де талқыға салды.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар