• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Спорт 16 Сәуір, 2020

Майкл Джордан туралы фильм көрсетіледі

351 рет
көрсетілді

19 сәуірде әлемдік баскетбол тарихындағы ең үздік ойыншы деп танылған Майкл Джордан туралы «The Last Dance» деп аталатын деректі фильм жарық көреді. 

57 жастағы Нью-Йорк қаласының тумасының бұл салада бағындырмаған белесі жоқ. Теңдессіз өнеріне тамсанған жан­күй­е­рлер оны «Ұшқын Джордан» деп атай­тын. Ұлттық баскетбол қауымдастығындағы (ҰБҚ) көптеген рекордтық көрсеткіштер дәл осы ойыншыға тиесілі. Оның есімі әлемдік спорт тарихында алытн әріптермен жазулы.

Майклдың баскетболдан бөлек, басқа да кәсіптерде өзін мойындатты. Ол әнші де, актер да, бизнесмен де, шоумен де... Қай салада жүрсе де, халықтың ықыласына бөленді. Әр бастаған ісін дөңгелетіп әкетіп, әркез мол олжаға кенелді. Бүгінгі таңда ол спортшылар қауымы арасындағы әлемдегі ең бай-ауқаттылардың бірі.