• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Сәуір, 2020

«Adal kómek» 10 мыңнан азаматқа кеңес берді

196 рет
көрсетілді

Төтенше жағдай кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ілгерілету мақсатында «Adal kómek» жобасы онлайн режимде жұмыс істеп, 79 рет тікелей эфирде кеңес берді.

«Adal kómek» жобасын танымал адвокат,  Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, адам құқықтары жөніндегі сарапшы Айман Омарова басқарады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аталған жобаның кең ауқымда жұмыс істеуі үшін білікті адвокаттарды, елдің жетекші заңгерлері мен құқықтанушыларын тартып жатыр.

Жоба арқылы кез келген азамат онлайн режимде әлеуметтік оқшаулауды сақтай отырып жоғары білімді мамандардан жан-жақты құқықтық кеңес ала алады. Төтенше жағдай жарияланған сәттен бастап 246 000-нан аса адамды қамтыған 79 рет тікелей эфир ұйымдастырылды. Жалпы бұл қызметке 10 мыңнан аса азамат жүгінді.

Оң тәжірибені тарату мақсатында орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамының және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатысының өкілдерін тарту көзделіп отыр.