Taza.kz
Орынбек ӨТЕМҰРАТ
Орынбек ӨТЕМҰРАТ«Egemen Qazaqstan»
899 материал табылды

Президент • Кеше

Алатау – жаңа мүмкіндіктер мекені

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалы­ғымен Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес өтті. Мұнда Президент жаңа шаһарды қалыптастырудың негізгі басымдықтарын айқындап берді. Атап айтқанда, Алатауды инвестиция мен инновацияның халықаралық орталығына айналдыру, заманауи инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту, қолайлы құқықтық және іскерлік орта қалыптастыру, цифрлық технологиялар мен «ақылды қала» шешімдерін кеңінен енгізу, энергия тиімділігі мен ресурстарды ұтымды пайдалану, сапалы адам капиталын дамыту және тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз өмір сүру ортасын құру міндеттерін алға қойды. Мемлекет басшысы атап өткендей, Алатау болашақта еліміздің экономикалық өсімінің жаңа драйверіне айналуға тиіс.

Саясат • 02 Маусым, 2026

Сенат пен Ұлттық банктің бірлескен жобасы

Астанада Парламент Сенаты мен Ұлттық банктің ақша-кредит саясатына арналған кезекті бірлескен білім курсы басталды. Семинардың ашылуында тыңдаушыларға Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов дәріс оқыды. Іс-шарада жаһандық және ішкі экономикалық үрдістер мен реформаларға, сондай-ақ ел макроэкономикасын жаңғыртуға бағытталған заңнамалық міндеттерге мән берілді.

Президент • 30 Мамыр, 2026

Цифрлық трансформация – Еуразиялық ықпалдастықтың басым бағыты

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Пікір • 23 Сәуір, 2026

Көк паспорт күші

Жер-жаһанның қай қиырында жүрсек те жанқалтамыздан табылатын көк пас­портымыз жанымыздың жалауындай қастерлі. Жалаудай дейтіндей жөніміз, бұл – жай ғана құжат емес, елдігімізді танытатын айшықты рәміз. Азаттығымызды, дербестігімізді сезіндіретін осы төл­құжа­тымызбен төрткүл дүниені емін-еркін шар­лап жүріп, еліміздің егемендігін құнт­тай түсеміз, кеудемізді мақтаныш кернейді.

Шымкент • 16 Сәуір, 2026

Шымкенттің мәдени-туристік мүмкіндігі бағамдалды

Премьер-министр орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында мәдениет саласындағы іргелі жобаларды пысықтап, шаһардың туристік әлеуетімен, қоғамдық кеңістіктердің даму барысымен танысты. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан музыкалық білім саласы қызметкерлеріне мемлекеттік марапат тапсырды.

Саясат • 10 Сәуір, 2026

Кәсіпкерлер қанаты құрылды

Мәжіліс спикері, «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысында партия жанынан Кәсіпкерлер қанаты құрылғанын мәлімдеді. Іс-шараға мыңдаған компания мен миллиондаған адамды біріктіретін бизнес-қоғамдастық пен ірі салалық қауымдастықтардың өкілдері қатысты. Сондай-ақ отырысқа партияның өңірлік филиалдары бейнеконференцбайланыс арқылы қосылды.

Әлем • 09 Сәуір, 2026

АҚШ-Иран: Уақытша мәміле бейбітшілікке бастаса игі

Тынышы қашқан Таяу Шығыс аймағындағы әскери шабуыл­дар уақытша тоқтатылды. Бес аптаға созылған қарулы қақтығыстан соң бұрнағы күні кешкісін АҚШ пен Иранның екі апталық бітімге келгені мәлім болды.

Саясат • 07 Сәуір, 2026

Қытай блогері «Достық» орденімен марапатталды

Миллиондаған оқырманы бар қытайлық блогер, Kazakh Tourism амбассадоры Тао Минсю Мемлекет басшысының атынан ІІ дәре­желі «Достық» орденімен марапатталды. Жоғары мемлекеттік награданы оған Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады.

Саясат • 07 Сәуір, 2026

Парламентаралық диалог: Жоғары деңгейдегі сенім мен түсіністік

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Бұхарада Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен Өзбек­стан Республикасы Олий Мәжілісінің Заң шығару палатасы арасындағы Парламентаралық ын­тымақтастық кеңесі­нің үшінші отырысына қатысты.

Саясат • 28 Наурыз, 2026

Алатаудың айрықша мәртебесі қандай болмақ?

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың қатысуымен өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» Конституциялық заңының жобасы екінші оқылымда қаралды.

Яндекс.Метрика