Реформа • Кеше
Коалиция мүшелері Алматы облысы жұртшылығымен жүздесті
Қонаев қаласының Мәдениет үйінде жаңа Конституция жобасы мен 15 наурызға жоспарланған республикалық референдумға арналған «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелерінің кездесуі өтті. Іс-шараға Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева төрағалық етті. Жиынға Мәжіліс депутаттары Мақсат Толықбай, Жанарбек Әшімжан, Сергей Пономарев және қоғамдық институттар, әлеуметтік қолдау саласының өкілдері, білім саласының мамандары, жастар ұйымдары мен өңір белсенділері қатысты.
Саясат • 19 Ақпан, 2026
Коалиция мүшелері Түркістан жұртшылығымен кездесті
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Түркістан облысының тұрғындарымен жаңа Конституцияның негізгі ерекшеліктерін талқылады. Түрлі алаңда өткен кездесулерге зиялы қауым мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, еңбек ұжымдары, кәсіпкерлер мен жастар қатысты.
Ата заң • 18 Ақпан, 2026
Жалпыұлттық коалиция өкілдері Шымкент тұрғындарымен кездесті
«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы мүшелерінің өңірлерге сапарлары жалғасып жатыр. Ерлан Қошанов бастаған делегация Шымкент қаласының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді.
Референдум • 17 Ақпан, 2026
Ұлт тұтастығын айшықтайтын референдум
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы Жамбыл облысына келді. Өңірде коалиция мүшелері жұртшылықпен, жастармен, еңбек ұжымдарымен және шағын бизнес өкілдерімен әңгімелесті. Көпшілік жаңа Конституция мемлекеттің ұзақ мерзімге негізделген ұлттық мүддесіне толық сай келетінін атап өтті.
Саясат • 13 Ақпан, 2026
Елордада еліміздің жетекші қоғамдық-саяси күштері «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалицияға бірікті. Оның құрамына бес жетекші саяси партияның өкілдері мен миллиондаған азаматтың мүддесін білдіретін 300-ден аса қоғамдық ұйым енді.
Саясат • 10 Қаңтар, 2026
Бірпалаталы жаңа Парламенттің атауы қарастырылды
Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының төртінші отырысы өтті.
Саясат • 01 Қаңтар, 2026
Медиа саласының бірегей болмысы
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында өткен жылды қорытындылап, саладағы елеулі жаңалықтарды атап өтті.
Саясат • 26 Желтоқсан, 2025
Бастамашыл заңдардың басым бөлігі «Amanat» фракциясына тиесілі
Мәжілістегі «Amanat» партиясы фракциясының мүшелері осы жылы атқарылған жұмысты қорытындылап, алдағы уақытта қолға алынатын негізгі мақсат-міндеттерді талқылады. Депутаттар Мемлекет басшысының тапсырмалары, сондай-ақ Президент пен партияның сайлауалды бағдарламалары сапалы әрі уақтылы орындалып жатқанын ерекше атап өтті. Сонымен қатар заң шығару қызметінің нәтижелері сараланып, алдағы кезеңдегі негізгі міндеттер айқындалды және сайлаушылармен кездесу үшін депутаттардың өңірлік сапарларына дайындығы пысықталды.
Саясат • 25 Желтоқсан, 2025
Астана әрдайым ауқымды істердің бастауында тұруға тиіс
Қазір Астана қарқынды өсіп келеді. Түрлі бағыт бойынша белсенді жұмыс істеліп жатыр. Соған қарамастан елорданы іркіліссіз ілгерілету қашанда назардан түспек емес. Осы бағыттағы өзекті мәселелер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Астананы дамыту жөніндегі кеңесте кеңінен талқыланды.
Президент • 25 Желтоқсан, 2025
Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласындағы бірқатар нысанның жұмысымен танысты.