Орынбек ӨТЕМҰРАТ
Орынбек ӨТЕМҰРАТ«Egemen Qazaqstan»
695 материал табылды

Еңбек • 09 Ақпан, 2024

Жаттан жалдайтынымыз – 22 мың

Еңбек және халықты әлеуметтік қор­ғау министрлігі ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында жыл сайын жұмыс берушілердің қажеттіліктері бойынша Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін тартуға квота көлемін бекітіп, бөледі. Биыл бөлінген жалпы квота саны еліміздегі жұмыс күшінің 0,23%-ын құрады, дәлірек айтқанда, 22 мың бірлік көлемінде белгіленді.

Пікір • 06 Ақпан, 2024

Несие ноқтасы

Басына бұлт үйіріліп, несие ноқтасын киген борышкерлердің үлесі басым тұрғанда қоғам әрі-сәрі күй кешеді. Бүгінде осы жағдай жұртшылықтың еңсесін басып тұр. Алмақтың салмағын көтере алмай күйреп кеткен пенде қаншама?

Медицина • 25 Қаңтар, 2024

Обырды емдейтін отандық дәрі

Өлшеулі өмірдің үкіміндей онколо­гиялық аурулардың атының өзі есті­ген жанның үрейін туғызады. Ал осы дертті деніне жамаған жұрт­тың жай-күйін ойлау тіптен ауыр. Талай заманнан бері әлемнің небір білгір дәрігерлері табандап, талап қылып обырды жеңудің тың, тиімді тәсілдерін табуға тыры­сып-ақ келеді. Осы ғаламдық мәселені шешуге атсалысқан отандық ғалымдар еңбегінің нәтижесі таяу­да белгілі болды.

Қоғам • 25 Қаңтар, 2024

Кедергісіз орта құрудағы келеңсіздіктер

Әлеуметтік кодекс күшіне енген былтырғы шілдеден бастап мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары институты жұмысын бастады. Бұл құрылымның құзыретіне мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау кіреді.

Сұхбат • 24 Қаңтар, 2024

Төлеген Оспанқұлов: Құқығы қорғалған қызметкердің қадірі биік

Еңбекқор адам – қоғамның құты. Ал қоғамның құты қашпауы үшін жұмыс күші лайықты бағаланып, еңбек құқығы тиісті деңгейде қорғалып, кісі ақысының желінуіне жол берілмеуі керек. Осылайша, әділет салтанат құрған ортада еңбек адамының абыройы биік болатыны анық. Бұл межеге жету – қашаннан мемлекет мүддесі. Аталған бағытты ілгерілету ісі қалай жүзеге асып жатқанын білу мақсатында ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы – Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұловпен сұхбат құрдық.

Теннис • 12 Қаңтар, 2024

AТP турнирі Алматыға ауысты

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (AТP) алғаш рет Астанадан Алматыға ATP 250 турнирін ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Спорт • 12 Қаңтар, 2024

Азамат – күміс жүлдегер

Еркін күрестен ұлттық құрама көш­басшысы Азамат Дәулетбеков Хор­ватия астанасы Загреб қаласында өтіп жатқан Zagreb Open рейтингілік тур­нирінде күміс жүлдегер атанды.

Спорт • 11 Қаңтар, 2024

Қазақ қызы – халықаралық төреші

Отандасымыз Айя Айтбай садақ атудан халықаралық дәрежедегі төреші атанды.

Алматы • 11 Қаңтар, 2024

Алматыға тамсанған The New York Times

Әлемнің ең беделді басылым­дарының бірі The New York Times жаңа жылда қыдырып баруға болатын жаһандағы 52 туристік дәстүрлі тізімін жариялады. Осынау айтулы тізімнің ортасынан біздің Алматы ойып тұрып орын алды. Дәлірек айтсақ, танымал басылымның нұсқасы бойынша Алматы қаласы тізімде 25-орында тұр.

Теннис • 11 Қаңтар, 2024

Аустралиядағы жеңісті жорық

Бүгінде Аустралияда теннистен өтіп жатқан дүркін-дүркін турнирлерде отандастарымыз жақсы өнер көрсетіп жатыр.