• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
10 Қыркүйек, 2013

Бұлқыныс

280 рет
көрсетілді

«Қазақстан» телеарнасы «Интеллектуалды ұлт – 2020» атты жаңа жобаның тұсауын кесті

Қыркүйек айы білім есігін ашып қана қой­­май­­­ды, бұл – теле­арналардың қалың көрермені үшін жаңа маусымды бастайтын мезгілі. Ендеше, дәл осы күндері ұлттық телеарнада «Білгірлер отауы» жобасы тұсауын кесіп, өз ауди­то­­рия­сына жол тартты.

 

«Қазақстан» телеарнасы «Интеллектуалды ұлт – 2020» атты жаңа жобаның тұсауын кесті

Қыркүйек айы білім есігін ашып қана қой­­май­­­ды, бұл – теле­арналардың қалың көрермені үшін жаңа маусымды бастайтын мезгілі. Ендеше, дәл осы күндері ұлттық телеарнада «Білгірлер отауы» жобасы тұсауын кесіп, өз ауди­то­­рия­сына жол тартты.

Ұлттық арнадағы бұл жоба­ның бас­­ты ерекшелігі – зият­керлік бағ­­­дар­­лама болып табылады. Бұл да бол­­­са уақыттың сұранысынан туған соны бағыт дер едік. Өйткені, көрер­­­мен­­­дер де талғам-талаптарымен, өре өлшем­дерімен топтарға бөлінеді. Мә­се­лен, түрлі ойын-сауық, ән-күй бағ­дар­ламаларында көшіп жүретін бір топ әнші, оншақты өнер жұлдызы әб­ден жалықтырған жұрт барлық кезде көгілдір дидардағы жаңалықшыл дү­ние­лерге құмар. Қазір бұқаралық ақ­па­рат құралдары дамыған мемлекет­тер­ге қарасақ, интел­лектуалдық бағ­дар­­ламаларға ден қоюда. Бұл да бекер емес...

Осы тұрғыдан алғанда, көрермен қауымының таным аясын кеңейтіп, бір сәт болса да ойлануға, апырым-ай дегізіп, таңдануға жетелейтін теле­арна­лардағы танымдық бағдарла­ма­ларды санамаласаңыз он саусаққа толуы неғайбыл.

Дегенмен, қазіргі таңда бұлқы­ныс­ты кезеңдерді бастан өткеріп, көп­шіліктің керегін екшеуге көшкен отандық телеарналарда ілгері бас­қан істер аз емес. Сол ілкімді баста­ма­лардың қатарына «Білгірлер отауын» да қосып қоялық.

– Бұған дейін «Қазақстан» телеарнасында танымдық бағыт ұстанған бағдарламалар болмады деп айтуға келмес. Бірақ, телеарналардағы бағ­дарламалардың басым бөлігі эстрада жұлдыздарын ғана қатыстырып қояды да, қара­пайым адамдар, басқа саланың өкілдері ұмыт қалып жатады. Қарап отырсақ, әрбір саланың өз жұлдыздары бар, көрінбей жүрген таланттары жеткілікті, – дейді «Білгірлер отауы» бағдарламасының авторы әрі продюсері Ұлпан Құрайысова.

Сонымен, аптасына бір рет экранға жол тартатын бір сағаттық тележоба қазақ тілінде жүреді. Бағ­дарламаны танымал өнер адамы – шығармашылық отбасында дүние­ге келген актер әрі композитор Нұр­лан Әлімжан жүргізеді. Жоба автор­ларының таңдауы бұл жігітке текке түспегенін бірден айтқан жөн. Бойында ұлт­тық намысы бар, ана тілінің тұны­ғын қанып ішкен, әрі шешен, қай тақырыпқа салсаң да көсем, келбеті көркем актер барлық талап үдесінен шығады.

Аталмыш бағдарламаның негізінде ресейлік «НТВ» арна­сының «Своя игра» ойыны жатыр. «Білгірлер отауы» 4 белестен тұрады. Әр салаға байланысты қызықты мәліметтер мен сұрақтардан тұратын сынақтардан сүрінбей білімі мен жылдамдығы арқасында бір топ жеңіске жетіп шет­елге барып-қайту мүмкіндігіне ие болады. Бағдарламаның әр кезеңі атауына тән келетін сұрақтардан тұрады.

«Білгірлер отауы» – өз ұл­ты­ның бақытты болашағын, кемел келешегін ойлаған, төрт құбыласы түгел, қуатты мемлекет құруды мақсат еткен Елбасының «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасын қолдаушы бағдарлама. Мақ­саты – жан-жақты дамыған білімді, мәдениетті, отаншыл, ұлтжандылықты қалып­тас­тыру. «Білгірлер отауы» – Пре­зидентіміздің «Интел­лек­туалды ұлт» жобасының екінші аспектісі – ғылым саласын дамыту мен еліміздің ғылыми әлеуетін арттыру синопсисін негіз етіп отыр.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.

Соңғы жаңалықтар