Қостанай облысында коронавирус жұқтырған тағы екі адам анықталды. Олар Жітіқара қаласының тұрғындары. Бірі 1996жылы, екіншісі 2010 жылы туған.
Екеуі де бұған дейін індет тырнағына іліккен зейнеткерлермен байланыста болған. Науқастар қазір оқшауланып, бекітілген хаттамаға сәйкес ем шаралары белгіленді. Олармен байланыста болған адамдар анықталып, іздестірілу үстінде. Індет ошағына залалсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр.
Өңірлік жедел штабтың мәліметінше, бүгінге дейін аймақта 7 адам індет жұқтырған. Кеше бір науқас көз жұмды.
Қостанай облысы