• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Сәуір, 2020

Жүк көліктерінің Шымкентке кіріп-шығуына кедергі жоқ

295 рет
көрсетілді

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлім етті. 

Мақсұт Пернебайұлының айтуынша, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, жүк көліктерінің қалаға кіріп-шығудың арнайы ережесі бар. Қала кіреберістеріндегі барлық бекеттерде «Жасыл дәліз» ұйымдастырылған. Ол жерден тіршілікті қамтамасыз ететін көліктер, азық-түлік тасымалдаушы машиналар мен транзиттік жүк көліктері, сондай-ақ, басқа да арнайы техникалар кедергісіз өтеді.

- Шымкент қаласының аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты жүк транзиттік автомобильдерін, сондай-ақ қала мұқтажы үшін азық-түлік тауарларын тасымалдайтын жүк автомобильдеріне рұқсат берілген. Дегенмен, жеңіл көлікпен кіруге болмайды. Карантин талаптарын орындап, базаға енгізілген кәсіп иелері аз емес. Егер, шаруа қожалықтарына, жылыжайларға қажетті заттар алу үшін қаладан шыққан жағдайда, қайта кіруге тек жүк көлігіне ғана рұқсат беріледі, - деді қала әкімінің орынбасары.

Ережеге сәйкес, азық-түлік тауарларын жүк көлігімен тасымалдау: тек жүк көлігі; көлік құралдарын тиеген немесе бос; жүргізуші және екі жолаушыдан артық болмауы тиіс. Мәселен, олар құрылыс материалдарын, жанар-жағар май, тұқым, көшеттер, ауыл шаруашылығына қажетті тыңайтқыштарды тасымалдауы мүмкін. Бұл ретте жүк көліктерінің қаладан шығуына кедергі жоқ. 

Сондай-ақ брифингте сөз алған Шымкент қаласы ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков тауар өндіруішілердің жүк көліктерімен қалаға кіріп-шығуы қатаң бақылауда екенін атап өтті.  

- Көктемгі егін егу науқаны кезінде қала аумағындағы барлық бекеттерде әкімдік және полиция департаменті мамандарымен бірлесіп жедел штаб ұйымдастырылған. Сонымен бірге, арнайы call-орталығы жұмыс істеуде, онда өтініштер (мекеме атауы, қызметкер ЖСН, автокөлік мемлекеттік нөмірі) ақпаратты көрсете отырып электронды түрде қабылданып, «Сергек блокпост» ақпарат базасына енгізіледі. Блок бекеттердегі көліктер бейнебақылау арқылы тұрақты бақылануда, - деді Асқар Сәкенұлы. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкентте көліктер мен азаматтардың қозғалысын тіркейтін Shym-karantin.kz порталы іске қосылғанын хабарлағанбыз. Тұрғындар аталған сайтқа кіру арқылы өздерінің немесе көліктердің қала ішінде жүруіне рұқсат етілгендігін біле алады. База күн сайын жаңартылып отырады.

 

Шымкент