• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Сәуір, 2020

Қарағанды облысында МиГ-31 ұшағы апатқа ұшырады

276 рет
көрсетілді

Қарағанды қаласының маңында жауынгерлік кезекшілікті атқаруға дайындық бойынша жоспарлы ұшуларды орындау барысында Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің МиГ-31 ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

-  Оқиға Қарағанды қаласының әуежайынан оңтүстікке қарай орналасқан жерде орын алды. Ұшқаннан кейін қозғалтқыштардың бірінде өрт шықты. Катапульттеуге команда алғаннан кейін әскери ұшқыштар ұшақты елді мекеннен аулаққа қарай бағыттады. Халыққа ешқандай қауіп төндірмейтініне көз жеткізгеннен кейін экипаж катапульттелді. Ұшқыштар аман, - делінген хабарламада.

Қорғаныс министрінің бұйрығымен авиациялық оқиғаны тексеруге комиссия тағайындалды.

Оқиға орнына Әскери-әуе күштерінің іздестіру-құтқару қызметінің жасағы келді.

Соңғы жаңалықтар