• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Сәуір, 2020

Солтүстік Қазақстанда 43 блок-бекет бар

199 рет
көрсетілді

Оларда тәулік бойы 400-ден астам полиция және медицина қызметкерлері кезекшілік етуде. Соның ішінде облыс орталығымен батыс шекарада шектесетін Мамлют қаласынан шығатын жолдарда екі блок-бекет орналастырылған.

Блок-бекет қызметкерлері автотехника, прожекторлар, жеке қорғаныс құралдары сияқты барлық қажетті заттармен жабдықталған. Бұларға айрықша жауапкершілік жүктелген, өйткені бұл жол Ресейдің Қорған қаласынан келетін көліктерді бақылайды. Санитарлық нормаларға сәйкес дәрігерлер өтіп жатқан жүргізушілердің температурасын өлшейді, полиция қызметкерлері құжаттарды тексереді, жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді.

Мамлют ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Марат Әлжановтің айтуына қарағанда Мамлют ауданына да карантин енгізілген. Күн сайын полиция қызметкерлері орталық аудандық аурухананың дәрігерлерімен бірге бірқатар шараларды жүргізеді. Біздің ортақ мақсатымыз – коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу. Мамлютка қаласына себепсіз кіруге және шығуға тыйым салынған. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері үй жағдайында карантинде отырған тұрғындарды күн сайынғы бақылауға алған. Көшелерді бақылайтын полицейлер де ерекше режімде жұмыс істеуде.

Облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Қанат Айтбаев осындай шаралар облыстың барлық аудандарында жүргізіліп жатқанын айтты. Соңғы тәулікте облыста төтенше жағдай режімінің 18 бұзушылығы анықталған, олардың 6-ы облыс орталығында және 12-сі аудандарда орын алыпты. Сонымен бірге полковник карантинге байланысты азаматтардан барлық шектеулерге түсіністікпен қарауды, өздерінің және жақындарының денсаулығына абай болуды және жеке бастың гигиенасын қатаң сақтауды сұрайтынын жеткізді.

Солтүстік Қазақстан облысы