• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Сәуір, 2020

Әскери бөлімшелерде ауқымды жұмыс атқарылуда

772 рет
көрсетілді

Қарулы Күштер әскери қызметшілерінің денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету үшін санитарлық-гигиеналық және алдын-алу шаралары барлық деңгейде іске асырылады.

Барлық әскери бөлімдер қосымша дәрі-дәрмекпен, ал әскери қызметшілер-медициналық маскалар мен залалсыздандыру құралдарымен қамтамасыз етілген. Жеке құрамды тексеру үшін бақылау-өткізу пунктері медициналық сүзгілер орнатылған.

«Бөлімнің бақылау-өткізу пунктінде әрдайым кезекші дәрігерлер бар. Біз барлық әскери қызметшіні тексеруден өткіземіз, дене қызуын өлшеп, сауалнама жүргіземіз», деді дәрігер-терапевт, капитан Айгүл Рақымжанова.

Жеке құраммен алдын-алу шаралары, сырқаттың белгілері ескертіліп, жұқтыру болған жағдайда әрекет ету алгоритмінің түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Карантин аясында қызмет жасап жатқан әскери қызметшілердің сырқаттануын алдын-алу мәселесі ерекше назарда. Блок-бекеттер, патрульдеу топтары және дезинфекциялау отрядтарына медициналық тексеру мен шағымдар жөнінде сауалнама жүргізетін медициналық қызметкерлердің топтары бөлінді.

Биологиялық қорғаныс бөлімшелері күн сайын вирустық қаупі бар нысандарда жұмыс атқарғандықтан, кезекті дезинфекциялау жұмыстары аяқталғаннан кейін әскери қызметшілер, олардың жабдықтары, құралдары мен техника толықтай залалсыздандырылады. Кезекші дәрігердің әрбір жауынгердің денсаулық жағдайын тексеруінен кейін, моншада жуыну да ұйымдастырылған. Барлық процедураларды өткеннен кейін әскери қызметшілер ауыстыру киім-кешектерін, стерильді қорғану комбинезондарын алады.

Барлық әскери нысандардың санитарлық-гигиеналық жағдайы қатаң бақылауға алынған. Бөлім аумақтары, қызметтік және казармалық үй-жайларда дезинфекциялау жұмысы жүргізіледі. 85395 әскери бөлімі радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау қызметінің бастығы майор Жеңісбек Байтелеуов әрбір адамның денсаулығын сақтау және армиялық ортада вирусты жұқтыруды болдырмау үшін әскери бөлімдердің ішін де дезинфекциялаудың қаншалықты маңызды екендігін атап өтті.

Жеке құрам орналасқан шатырлар блок-бекеттер күніне екі рет өңделеді. Әскери ұшақтар да санитарлық өңдеуден өтеді. Төтенше жағдай кезінде әскери ұшқыштар бір өңірден басқа өңірге адамдар мен жүктерді тасымалдауды, шетелден қазақстандықтарды эвакуациялауды қамтамасыз етумен айналысады. Дезинфекциялау әр ұшудан кейін  жүргізіледі.

Жауынгерлік әзірлікке нұқсан келтірмейтіндей вирусты жұқтыру қаупін азайту үшін бөлімшелер жауынгерлік әзірлікті жабық режимде өтіп жатыр. Кейбір құрылымдық бөлімшелердің жеке құрамы қызметті ауысыммен атқарса, 30%-ке жуығы үй жағдайында оқшаулануда. Шетелдік іссапарлардан, оқудан немесе демалыстан келгендер карантинге жабылып, әскери дәрігерлердің бақылауына алынды.

Коронавирустан қорғау шараларды орындауды іске асыруда ҚР ҚК Бас әскери-медициналық басқармасы санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының қызметкерлеріне жүктелген. Олар әскердегі санитарлық шараларды бақылауда ұстап, төтенше жағдай жөніндегі комитетпен, әкімдіктермен, азаматтық санитарлық-әпидемиологиялық ұйымдардың қызметкерлерімен бірлесе жұмыс атқарады, дезинфекциялау отрядтарының құрамында болып, зақымдалған деген қаупі бар нысандарды өңдеу жұмыстарына қатысады.

Бас әскери-медициналық басқармасының офицерлері Қорғаныс министрлігі жедел штабы жұмыс тобының, Денсаулық сақтау министрлігінің ситуациялық орталығының  құрамына кіреді, еліміздегі эпидемиологиялық жағдайдың жедел диагностикасын жүргізіп, әскери медицина мен денсаулық сақтаудағы азаматтық мекемелермен өзара байланыс орнатумен айналысады.

Әскерден бөлек әскери-медициналық қызмет халыққа қызмет көрсетеді. Ол үшін елорда мен Алматы қаласы маңында коронавирус індетін жұқтырған және карантиндегілерді қабылдау үшін мобильді госпитальдер мен шатырлы лагерьдер құрылған. Қосымша басқа да әскери госпитальдер мен лазареттердің ресурстары да дайындалған. Әскери дәрігерлердің бір тобы көмек көрсету үшін Қарағандыға жіберілді.