Қырғыз Республикасы Баткен облысының Қарабұлақ ауылында жантүршігерлік оқиға орын алды. Бір үйлі жанның 4 адамы қаныпезерлер қолынан қаза тапты. Бұл туралы «Экспресс К» газеті жазды.
Тұтқиылдан шабуылдаған қарақшылар бизнесменнің әйелін, ұлын, оның зайыбын және 1 жасар немересін атып өлтірген. Ауыр жарақаттанған бизнесмен ауруханаға жеткізілген. Сол сияқты қырғын кезінде тығылып үлгерген 3 жасар немересі аман қалды.
Данияр Түймебай.