Сауд Арабиясының билігі Сирия президенті Башар Асадтың әскерімен күресу үшін өлім жазасына кесілген 1,3 мыңға жуық тұтқын жіберді. Бұл туралы USA Today газетінің электронды нұсқасында берілген ақпарға сілтеме жасаған ИТАР-ТАСС хабарлады.
Үстіміздегі жылдың сәуір айында Сауд Арабиясы ішкі істер министрлігі өлім жазасына кесілген 1239 тұтқынға ұсыныс білдірген болатын. Ұсыныс бойынша, Сириядағы әскери қимылдарға қатысқандары үшін тұтқындарға кешірім беріліп, олардың отбасыларына ай сайын ақша төленеді.
Сирияға жіберілген тұтқындардың ішінде Ауғанстан, Мысыр, Ирак, Иордания, Пәкстан, Сомали, Сирия, Кувейт және Йемен азаматтары бар көрінеді. Олардың барлығы да кісі өлімі, зорлау немесе есірткі тарату қылмыстары бойынша Сауд Арабиясында өлім жазасына кесілген.
Айдар Өрісбаев.