«Атамекен» ҰКП жедел штабының құрылуының алғашқы күнінен бастап 32 мыңнан астам хабарлама келіп түсті. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Ербол Үстеміров мәлімдеді.
«Атамекен» ҰКП жедел штабының құрылуының алғашқы күнінен бастап түрлі салалардағы жағдайды талдау, кәсіпкерлерге төтенше жағдай режімі кезінде қабылданған тыйым салу мен шектеу шараларының салдарын мейлінше азайтуға мүмкіндік беретін ұсыныстарды қарастыру және тізім жасау жұмыстары басталды. Жалпы алғанда, жедел штабқа 32 мыңнан астам хабарлама келіп түсті, оның ішінде колл-орталыққа соғылған қоңыраулар да бар. Сауалдардың басым көпшілігі жұмыспен қамту және салаларға қатысты болды» деді басқарма төрағасының орынбасары.Оның айтуынша, түскен арыз-шағымдардың 74 пайызында жұмыспен қамту проблемалары, оның 54 пайызы қызметкерлердің мерзімсіз демалысқа шығуымен байланысты болса, 20 пайызы жұмысшылардың қызметінен қысқаруына қатысты болған.«Сонымен бірге өтініштердің 86 пайызында қаржылық жағдаймен байланысты болса, оның 59 пайызы жалдау ақысын, ал 22 пайызы еңбек ақы төлеу бойынша міндеттемелер, сондай-ақ 5 пайызы коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша мәселелерді көтерген. Хабарласқан кәсіпкерлер өтінішінің 31 пайызы несиені төлеу мерзімін кейінге қалдыруды сұраса, 33 пайызы форс-мажор жағдайын мойындаған, ал 28 пайызы салық жеңілдіктерін ұсынуды қаласа, 8 пайызы еңбек ресурстарын қолдауды сұраған» деді ол.