• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Сәуір, 2020

Апатқа ұшыраған МиГ-31 ұшағының құлау себебі анықталуда

225 рет
көрсетілді

Бұл туралы ҚК ӘҚК бас қолбасшысы Нұрлан Орманбетов хабарлады.

«Апат себебіне байланысты барлық нұсқа қаралады. Содан кейін жарияланады. Қазір бірнеше нұсқа қаралып жатыр, соның ішінде авиациялық техниканың ұшқанда істен шығуы, сыртқы факторлардың әсері бар, сондай-ақ адами фактор да жоққа шығарылмайды. Бұл ұшақтың экипажы ұшу эксплуатациясының аясында кәсіби түрде әрекет еткен, авиациялық техниканы сақтап қалу үшін және аман-есен қону үшін соңына дейін күресті. Қолдан келгенше тырысты. Авиациялық техниканың істен шығуынан осылай болғаны көрініп тұр. Осыған байланысты, комиссияның жағдайға байланысты шығаратын ресми мәлімдемесін күтуді сұраймын. Бұл туралы тағы хабарлаймыз», - деді бас қолбасшы.