Астанада осындай тақырыппен Дамушы нарықтардың Еуразиялық форумы болып өтті
Кеше Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Дамушы нарықтардың Еуразиялық форумы болып өтті. Бұл форум әлемнің әртүрлі елдерінің қатысуымен 2005 жылдан бастап тұрақты өтіп келеді. Форум мәжілістеріне Азия, Еуропа, Африка, Латын Америкасындағы 35 елдің ұлттық банктерінің басшылары, қаржы, экономика, индустрия, сауда министрлері, сондай-ақ, Халықаралық валюта қорының, Бүкіләлемдік банктің, Азия даму банкінің, Африка даму банкінің, Еуропа қайта құру және даму банкінің, БҰҰ құрылымдарының басшылары қатысқан. Сөйтіп, форум осы уақыттан бері жаһандану жағдайындағы дамушы елдердің экономикалық және әлеуметтік дамуын жеделдету мәселелері талқыланатын негізгі алаңдардың біріне айналып үлгерді. Бұл жолы форум жұмысының Астанада өтуіне «Назарбаев университеті» АҚ пен «Ұлттық талдау орталығы» АҚ-тың және форумның АҚШ-тағы орталығының ұйытқы болғандығын айта кетсек, артық болмас.
Астанада осындай тақырыппен Дамушы нарықтардың Еуразиялық форумы болып өтті
Дами және өркендей отырып, бейбітсүйгіш ел және сенімді әріптес болып қала отырып, Қазақстан әлемдегі жетекші елдер қатарынан табылатын болады. Бұған мен күмәнданбаймын!
Н.Ә.НАЗАРБАЕВ.
Кеше Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Дамушы нарықтардың Еуразиялық форумы болып өтті. Бұл форум әлемнің әртүрлі елдерінің қатысуымен 2005 жылдан бастап тұрақты өтіп келеді. Форум мәжілістеріне Азия, Еуропа, Африка, Латын Америкасындағы 35 елдің ұлттық банктерінің басшылары, қаржы, экономика, индустрия, сауда министрлері, сондай-ақ, Халықаралық валюта қорының, Бүкіләлемдік банктің, Азия даму банкінің, Африка даму банкінің, Еуропа қайта құру және даму банкінің, БҰҰ құрылымдарының басшылары қатысқан. Сөйтіп, форум осы уақыттан бері жаһандану жағдайындағы дамушы елдердің экономикалық және әлеуметтік дамуын жеделдету мәселелері талқыланатын негізгі алаңдардың біріне айналып үлгерді. Бұл жолы форум жұмысының Астанада өтуіне «Назарбаев университеті» АҚ пен «Ұлттық талдау орталығы» АҚ-тың және форумның АҚШ-тағы орталығының ұйытқы болғандығын айта кетсек, артық болмас.
Астанадағы басқосу «Еуразия XXI ғасырда: жаңару арқылы көшбасшылық» деген тақырыпта өткенімен ол негізінде Елбасының Қазақстан дамуының 2050 жылға дейінгі Стратегиясын талқылау мәселесіне арналды. Оның пленарлық мәжілісін «Назарбаев университеті» АҚ президенті Шигео Катсу ашып, жүргізіп отырды. Алғашқы құттықтау сөзді Дамушы нарықтардың Еуразиялық форумының тең төрағаларының бірі Хариндер Коли сөйледі.
Форумның дәстүрлі пішіні білікті сарапшылар алдын-ала жүргізетін зерттеулер нәтижесін еркін түрде талдау жағдайында өткізіліп келе жатқандығын атап көрсеткен Хариндер Коли оның осыған дейінгі қарастырған тақырыптарын да еске сала кетті. Солардың қатарында дамушы экономикалардың әртүрлі топтарына жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстың тигізген әсерлері, сауда мен инвестицияларды дамыту, халықаралық қаржы ағымдарының бағыттары, инфрақұрылымдық жобаларға жеке секторды ң қатысуы, климат өзгерісінің салдарлары мәселелері бар.
Форумның жұмысына осы уақытқа дейін әлемнің 80 елінен мыңнан астам сарапшылар мен мамандар қатысты. Енді оның жұмысына әлемдегі қарқынды дамушы елдердің бірі Қазақстан да қосылып отыр. Біздің бүгінгі талқылайтын мәселеміз осыдан 5 жыл бұрын Оксфордта өткен форумның беташар басқосуының қағидаттары мен рухына сәйкес келеді. Мен Қазақстан бұдан кейінгі уақыттарда да форум жұмысына белсенді түрде атсалысады деп есептеймін, деген Дамушы нарықтардың Еуразиялық форумының тең төрағасы осы басқосуды ұйымдастырған Қазақстан тарапына үлкен алғысын білдірді. Мұнан кейін сөз кезегі баяндама жасап, Қазақстанның болашақ дамуына қатысты өз көзқарасы мен болжамдарын білдіру үшін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа құрметпен берілді.
Мүмкіндіктер көкжиегі кеңеюде
Дамушы нарықтардың Еуразиялық форумына қош келдіңіздер, деп бастады сөзін Нұрсұлтан Әбішұлы.
Былтыр желтоқсан айында мен «Қазақстан-2050» Стратегиясын жария еттім. Ол Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің біріне айналуын көздейді. Бұл мақсатқа жетуге еліміздің толық мүмкіндігі бар. Біздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріміз бұған айқын дәлел бола алады.
Кеңестік экономиканың күйреген дағдарысы біз үшін өзінің ауқымы жағынан Америкадағы Ұлы күйзеліспен бірдей болды. Республиканың тәуелсіз мемлекет ретіндегі өміршеңдігіне, оның шекараларын сақтау мен қауіпсіздігіне күмән келтірілді. Бірақ біз бұл қиындықтарды еңсердік. Жаңа өңірлік және жаһандық дағдарыстарға қарамастан, біз өз елімізді жаңғырту жолымен сенімді алға бастық. Біз өз болашағымызды дербес, сындарлы және батыл түрде қалыптастыра бастадық. Енді, Қазақстанда жаңа жетістіктер үшін берік іргетас қаланған кезде, біз өз мүмкіндіктеріміздің көкжиектерін кеңейтудеміз. Біз өзіміздің бәсекелестік артықшылығымызды нақты сезінеміз және оларды экономикалық және әлеуметтік табыстарға қалай айналдыру керектігін білеміз. Біз зор аумаққа, бай табиғи ресурстарға, кең ауқымды ауылшаруашылық алқаптарына және жел мен күн энергиясын дамытудың айтарлықтай әлеуетіне иеміз.
Біз макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз еттік, деп атап өтті Мемлекет басшысы. Жоғары экономикалық өсім тұрақты сипатқа ие болды. Біз мұнай табыстарын басқарудың тиімді саясатын жүзеге асырудамыз. Бүтіндей алғанда елдің алтын-валюта резервтері – 90 миллиард АҚШ доллары. Бұл – еліміз экономикасының 30 пайызға жуығы. Біз толыққанды нарық экономикасы мен демократиялық қоғам қалыптастыру үшін қажетті арқаулық институттар құрдық. Біз инвестициялық және бизнес-ахуалдың көптеген қырлары бойынша өңірде көш басында келеміз. Қазақстанның халқы өсуде. Өмір сапасы мен азаматтар денсаулығының жағдайы жақсаруда, өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа жетті.
Елде жоғары білікті мамандар үлесі артуда. Біз арнаулы зияткерлік мектептер, кәсіптік-техникалық білім беруді дамыту жөніндегі холдинг және әлемдік деңгейдегі университет құрдық. Біз дамыған елдердің үздік білім беру үлгі-қалыптарына қарай батыл бет алып келеміз. Бүгінде әлем Қазақстанды өзара тиімді ынтымақтастық пен интеграцияны жақтайтын бейбітсүйгіш ел ретінде біледі.
Бізге елдің дамуы жолында ықтимал тосқауылдарға айналуы мүмкін кедергілер жақсы мәлім. Бізде халық тығыздығы төмен – қазақстандықтардың жартысына жуығы ауылдарда тұрады. Көптеген елді мекендер экономикалық өсу орталықтарынан тым шалғай орналасқан. Бұл сапалы білімге, білікті медициналық жәрдем алуға, өндіріспен айналысуға, инфрақұрылымға жаппай қолжетімділік мүмкіндігін шектейді, деді Президент.
Біз әлі де «голланд ауруының» даму тәуекелі аймағында тұрмыз. Ел экономикасы әлі де өндіріс пен экспортты әртараптандыру үдерісінде тұр. Тікелей шетел инвестицияларының негізгі көлемі экономиканың өндіруші секторына тиесілі.
Біз еңбек өнімділігінің салыстырмалы түрде алғандағы төмен деңгейінде экономиканың жоғары энергия сыйымдылығын мұра етіп алдық. Көлік, тұрғын үй-коммуналдық және инфокоммуникациялық инфр