• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
11 Қыркүйек, 2013

Даму даңғылындағы 27 қала өңірлер өндірісін өрістетпек

254 рет
көрсетілді

Кеше Премьер-Ми­нистр Серік Ахметовтің төр­аға­лығымен селекторлық ре­жімде өткен Үкімет отырысында 2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері қаралды.

Кеше Премьер-Ми­нистр Серік Ахметовтің төр­аға­лығымен селекторлық ре­жімде өткен Үкімет отырысында 2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері қаралды.

Жиынды аша отырып, С.Ахметов Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау барысында бұл бағдарламаның былтыр қанатқақты жоба ретінде іске қосылып, биыл толық көлемде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Одан соң алғашқы болып сөз алған Өңірлік даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев 2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасын жүзеге асырудың барысы туралы баян­дады. Оның айтуынша, 27 моноқалада 1,53 млн. адам, яғни республика қалалары тұрғындарының 16,8 пайызы тұрады. 6 қала жоғары, 19 қала орташа әлеуетке ие.

Бірінші вице-министрдің сөзіне қарағанда, шағын қалалардың проблемалық мәселелерін жүйелі шешуді көздейтін бағдарлама өткен жылы басталған болатын. Бұл мақсатқа 6 млрд. теңге бағытталып, 170 жоба орындалды. Ағымдағы жылға қарастырылған 18,8 млрд. теңгенің 10 миллиарды немесе қарастырылған қаржының 54 пайызы бөлінген.

Мақсат моноқалалар экономикасын әртараптандыру, халықты жұмыспен қамту мәселелерін шешу, жаңа өндірістер құру екенін атаған Қ.Өскенбаев бағдарламаның бағыттарына да тоқталды. Оның айтуынша, мұның қатарына тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындардың өндірістік мүмкіндігіне қарай моноқалаларды оңтайландыру, ШОБ-ты дамыту, еңбек ресурс­тары оңтайлылығын арттыру, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту мәселелері енеді.

25 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылатын және жалпы инвестиция көлемі 950,0 млрд. теңгеден астам 47 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған, деген министрдің бірінші орынбасары, осыған байланысты оны орындау әкімдердің жеке жауапкершілігіне жүктелетінін де атап өтті.

Ол сондай-ақ, өткен жылы­ Темір­тауда Атырау, Маңғыс­тау, Қарағанды және Шығыс Қа­­зақстан облыстары әкім­дік­тері, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ӨзенМұнайГаз» АҚ, «Қаз­мы­рыш» ЖШС, және «Қазақ­мыс кор­порациясы» ЖШС, «Те­ңіз­шевройл» ЖШС басшылықтары арасында өзара түсіністік пен ын­тымақтастық туралы меморандумдар жасалғанын хабарлады. Осынау құжатқа Жамбыл облысы әкімдігі мен «Қазфосфат» ЖШС арасында да қол қойылды.

Қ.Өскенбаевтың айтуынша, шағын және орта бизнесті да­мытуға 2013 жылы қаралған 4,7 млрд. теңгенің 1 миллиардтан астамы игерілген. ШОБ-ты мем­лекеттік қолдау тетіктері қатарына несиелер, қайтарымсыз гранттар, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды жүзеге асыру шаралары енеді. Барлық моноқалаларда кәсіпкерлікті қолдау орталықтары құрылған. Үстіміздегі жылы мамандар даярлауға республикалық бюджеттен 28 млн. теңге қарасты­рылып отыр.

Бірінші вице-министр кәсіп­керлікті қолдаудың тиімді шаралары ретінде кәсіпкердің 14 пайызбен алатын несиесінің 10 пайызын бюджеттің субъсидиялайтынына, яғни кәсіпкердің несиенің 4 пайыздық айырмасын ғана төлейтініне айрықша тоқталды. Оның сөзіне қарағанда, сонымен қатар, моноқалалардағы ШОБ-ты қолдау үшін бөлінген қаржы игерілмей қалған жағдайда оны есепке ала отырып, кәсіпкерлерді несиелеу шарттарына өзгерістер енгізілетін болады.

Қ.Өскенбаевтың баян­дауынша, инвес­ти­циялық жобалар шең­бе­рінде моно­қа­лаларды өркендетуге 2013 жылы 6,3 млрд. теңге, ағымдағы шараларға 6,6 млрд. теңге бөлінеді. 2015 жылға дейін моно­қа­лалардағы барлық апатты үйлер мен ғимараттарды бұзып тастау көзделген.

Отырыста сондай-ақ, Индус­трия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.Сау­ранбаев, Ба­тыс Қазақстан облысы әкі­мі Н.Ноғаев, Қарағанды облысы әкі­мі Б.Әбдішев, моноқалалар –Жітіқараның әкімі А.Жорабеков, Қаратаудың әкімі Қ.Ма­қашевқа сөз беріліп, олар да шағын қала­лардағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысы туралы баяндады.

Отырысты қорытындылай келе, Пре­мьер-Министр Мемлекет басшысының өңір­лерді дамыту, өндірістерді жаңғырту, эко­номиканы әртараптандыруға айрықша көңіл бөлетінін атап өтті.

«Моноқалаларда дағдарыс жағ­дайын­да экспорттық әлеуеті төмендеуге ұшы­раған тау-кен, ме­таллургиялық өнді­ріс орындары шоғырлан ған», деген С.Ахметов, осыған орай әкімдерге олар­дың іс-әрекеті инженерлік және әлеу­мет­тік инфрақұрылымдарды да­мытуға бағыт­талуы қажеттігін, сонда тиісінше, бағдарламаның негізгі бағыттары – экономиканы әртараптандыру, кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құруға көңіл бөлінетіндігін атап көрсетті.

С.Ахметов бағдарламаны жү­зеге асы­ру бойынша жұмыстарға өзгерістер енгі­зу қажеттігін атай келе, Өңірлік даму ми­нистр­лігіне өңірлер әкімдерімен бірлесіп бағ­дарламаға тиісті өзгерістер енгізу бой­ын­­ша лайықты ұсы­ныс­тар әзірлеуді тапсырды.

Моноқалалар мен облыс­тар әкімдеріне қалаларды әрта­рап­тандыру бойынша, перспективалы инвестициялық жобалар­ды, сондай-ақ жергілікті өн­діру­­шілердің ұзақ мерзімді тап­сырыстарын қамтамасыз ететіндей жүйе құраушы кә­сіп­орындармен бірлескен әріп­тестік бағдарла­маларды пы­сықтау қажет дей келе, Үкі­мет басшысы бағдарлама шеңбе­рінде бөлінген бюджеттік қар­жы­ның мерзімінде игерілуі қам­тамасыз етілуі тиіс, деп тү­йін­деді өз сөзін.

Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар