• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
11 Қыркүйек, 2013

Жаңа веб-портал ашылды

337 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Астана төрінде өтіп жатқан Дамушы нарықтардың Еуразиялық форумы аясында «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауының жүзеге асырылу барысы жайында ақпарат тарататын жаңа веб-порталдың таныстырылымы өтті.

 

Кеше Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Астана төрінде өтіп жатқан Дамушы нарықтардың Еуразиялық форумы аясында «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауының жүзеге асырылу барысы жайында ақпарат тарататын жаңа веб-порталдың таныстырылымы өтті.

Жиынды ашқан Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев аталған ақпараттық портал «Қа­зақ­станның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясын» халыққа және бүкіләлемдік қауымдастыққа түсіндіру мақсатында ашылып­ отырғанын айта келе, оны елі­міздің Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты «Қаз­контент» АҚ мекемесі дайын­дағанын атап өтті.

Бұл ретте, «Қазконтент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Зарина Бақтиева да сөз алып, «Стратегия-2050» веб-пор­талының мақсат-міндеті төңі­регінде баяндап берді. «Бұл веб-портал – «Қазақстан-2050» Стратегиясының жүзеге асырылу барысы туралы жедел мәлі­меттер мен эксклюзивті талдау­лар мен сараптаулар шоғыры жинақталатын ақпарат алаңына айналатын болады. Мұнда күн сайын 40-тан астам ақпараттық және талдау материалдары, бейне, фотоматериалдар үш тілде жа­рық көріп отырады», – деді Зарина Бақтиева өз сөзінде.

Оның айтуына қарағанда, жаңа ақпараттық интерактивті порталды әзірлегенде пайда­лану­шыларға тиімділік жағы жан-жақты ескерілген және олар­ға ыңғайлы болу үшін қа­зіргі заманғы әдіс-тәсілдер то­лық­тай қамтылған. Порталдың көру қабілеті нашар жандарға арналған арнайы нұсқасы да бар көрінеді. «Бұл портал танымал әлеуметтік желілермен кіріктірілген. Яғни, сіздер жаңалықтардың қысқа түр­дегі аңдатпасын көруге мүмкіндік аласыздар», – деді З.Бақтиева.

«Қазконтент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, сон­дай-ақ, «Стратегия-2050» порталында 2050 жылға дейінгі жобалар тізбегі туралы барлық ақпарат қамтылатынын, порталда интерактивті карта орналасқанын, бұл жерде Қазақстанның жалпы картасы жасалғанын атап өтті. «Мұнда еліміз облыстарының қандай салаларында қанша жоба жүзеге асырылып жатқаны туралы толық мәлімет алуға және көруге болады. Бұған қоса, жобалардың 2050 жылға дейінгі іске асырылу барысына да көз жеткізе аласыздар. Түйіндеп айтсақ, портал оны пайдаланушыларға зор ин­терактивті мүмкіндіктер ұсы­на­ды. Бұл жаңалықтар таспасы және онлайн-трансляция», деді З. Бақтиева.

Парламент Сенатының депутаты Серік Нөгербеков бү­гін­де қоғам алдында «Қазақ­стан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру ауқымды міндеті тұрғанын айта келе, G-Global хатшылығы атынан «Стратегия-2050» порталы G-Global коммуникативті ала­ңының зор қолдауына ие бола­тынына сенім білдірді. «G-Global бүгінде әлемдегі ірі комму­никативті алаңдардың бірі болып отыр. Ал «Стратегия-2050» порталы G-Global коммуникативті алаңының зор қолдауына ие болады деп санаймын», деді ол бұл турасында.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев бұл Елбасы қойған мақсат-міндеттерді жүзеге асыру аясында жасалған үлкен жұмыстың жемісі екенін, бұл ретте, көпфункциялы, интер­активті веб-порталдың өз ар­тық­шылығы барын атап өтті. «30 жыл деген демде өте шығатын уа­қыт. Сондықтан, Мемлекет бас­шы­сының ел алдына қойған талап­тарын орындау үшін, ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін аян­бай қызмет ету керек. Ал ол қызметтің қалай жасалып жат­қандығы халықтың назарын­да болуы тиіс. «Стратегия-2050» веб-порталы, міне, осы мақсатта жасалған ауқымды бастама. Бұл порталдың ерекшелігі – ол тек орталық мемлекеттік органдар деңгейінде атқарылып жатқан іс-шараларды ғана емес, аймақтарда жүзеге асырылып жатқан жұ­мыс­тарды да насихаттап отырады», деді А.Қырықбаев.

Онлайн-режімі арқылы бай­ланысқа шыққан Павлодар облысы әкімінің орынбасары Арын Өрсариев: «Мен сайтпен, оның алдына қойылған мақсат-міндеттермен танысып шықтым. Интерфейсі, сәтті таңдалып алын­ған суреттері – бәрі де сүзгіден өтіп, алдын ала ойластырылып жасалғаны көрініп тұр. Тал­да­малы, сараптамалы материалдар да кездеседі екен.

Соңғы жаңалықтар