• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Сәуір, 2020

«Antikor.News» арнайы жаңалықтар қызметі іске қосылды

378 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төтенше жағдай кезіндегі Агенттіктің қызметі туралы «Antikor.News» арнайы жаңалықтар шығарылымын іске қосты. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төтенше жағдайда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы қызметін қайта қарап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы контентті үздіксіз on-line режимде жариялауды қамтамасыз етуде.

Агенттіктің төтенше жағдайда кезеңінде қабылдап жатқан шаралары, сонымен қоса Агенттік жұмысының қорытындылары туралы тұрғындарды хабардар ету мақсатында «Antikor.News» атты арнайы жаңалықтар топтамасы іске қосылды.

«Antikor.News» жобасы елімізде жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалары мен заңнамалық бастамалары, жедел-тергеу қызметі, сондай-ақ аумақтық департаменттері мен Агенттік жанындағы қоғамдық бірлестіктердің жұмысының қорытындылары туралы өзекті ақпаратты хабарлайды.

Аталған жоба апта сайын (сәрсенбі, сенбі күндері) Агенттіктің ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі (Facebook, Instagram, YouTube, Telegram, Одноклассники) ресми парақшаларында жарияланады.

Агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу саясатын жүзеге асыру және халықпен тиімді байланыс құру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

Агенттіктің әлеуметтік желілердегі парақшаларына сілтемелер:

https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption?lang=ru

https://www.facebook.com/pg/anticorruption.kz/posts/?ref=page_internal

https://www.instagram.com/anticorruption.kazakhstan/

https://www.youtube.com/channel/UC-ejISiuqKwZ3q3EM-qClqA/featured

https://web.telegram.org/#/im?p=@antikornews

https://ok.ru/profile/580241135083