• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
03 Сәуір, 2010

ТҮБІ БІРДІҢ ТІЛЕГІ БІР

535 рет
көрсетілді

Астанада қалалық ұйғыр мәде­ниет орталығы мен Жастар бірлес­тігінің ұйымдастыруымен ықылым заманнан бері Балқан тауы мен Орталық Азия аралығында тойла­нып келе жатқан Наурыз мейра­мына арналған мерекелік кеш өтті. Үш мың жылдық тарихы бар Нау­рыз жыл басын, жаңару күнін ғана емес, ол сонымен бірге халық­тар арасындағы достықтың, ынты­мақ­тың, ырыс-берекенің, бірлік пен татулықтың бастауын білдіретін әз мейрам. Сондықтан да бұл ме­рекенің бір ұлтқа ғана емес, жалпыға бірдей болып, ұлыстардың ұйыт­қысына айналуы ғасырдан ғасырға ұласып, халықтар арасында кеңінен аталып келе жатқаны табиғи заң­дылық. Осы орайда елімізде биылғы Наурыз мейрамы да қа­лыптасқан дәстүр бойынша кеңінен тойлан­ғанын атап өту жөн. Биыл жыл басын білдіретін мереке күндерінде елімізде тату-тәтті, достық пен ын­тымағы жарасып тұ­рып жатқан ұлттар арасында да Нау­рыз мейра­мына зор көңіл бөлінді. Мәселен, қазақ халқымен тамыры тереңдес, түбі бір ұйғыр халқының арасында бұл мейрам өздері жинақы тұратын елді мекендермен қоса, еліміздің бас қаласында да өткізілгенін атап өтуге болады. Астанада ұйғыр диаспо­ра­сының өткізген сондай бір ке­ші “Ақ шаңырақ” мейрамха­на­сында жайылған ақ дастарқан басында ұйымдастырылды. Кеште Астана қалалық ұй­ғыр мәдениет орталығының жетек­шісі Мұрат Тоқтыбақиев сияқты аға ұрпақ өкілдері мен қалалық ұй­ғыр жастар бірлес­ті­гінің төрайы­мы Наргиз Мах­му­дова бастаған жастар жағы жиналған қауымға ақ тілектерін айтып, ұйғыр хал­қының салт-дәс­­түр­лерінен қойы­лым көр­сетсе, оқушылар ара­сынан №40 қазақ орта мектебінің (дирек­торы Ербол Ісләмұлы) 3-сынып оқушысы Аружан Арзидунқызы еліміздің әнұ­ра­нын мемлекеттік тілде шырқап, онымен бірге мемлекеттік тілде, ұйғыр және орыс тілдерінде ән айтып, көпшіліктің қошеметіне бө­ленді. Осылайша, Наурыз мейрамын тойлаған ұйғыр диаспорасының өкілдері бауырлас қазақ халқымен әрқашанда жүрек­тері де, ниеттері де бір екенін көрсетіп берді. Дастан КЕНЖАЛИН.