• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
11 Қыркүйек, 2013

Ерлік – еншісі, достық – елшісі

476 рет
көрсетілді

Ерлік – еншісі, достық – елшісі болған Сұлтан Еркімбаевтың есімін украиндықтар қастерлейді

Небәрі 19 жасында қыршын кеткен Сұлтан Еркімбаевтың сүйегі сонау Украинаның Харьков облысындағы Изюмский ауданы, Студенок және Еремовка селоларының бауырластар зиратында жатыр. Ол 1943 жылы осында ерлікпен қаза тапқан болатын. Ұлы Отан соғысы туралы қанша кітап жазылса да әлі де беті ашылмаған ерлік, кейінгі ұрпағына жете алмай жатқан боздақтар жеткілікті. Облыстағы білікті шаруашылық ұйымдастырушылардың бірі, еңбек ардагері Өмірзақ Ихтиляповтың перзенттік және азаматтық ісінің арқасында жұртшылық соғыста қыршын кеткен боздақ Сұлтан Еркімбаев туралы көптеген ақпараттарға қанықты. Сұлтан – Өмірзақ Бекділдаұлының туған нағашысы, сондықтан ол соңғы 7-8 жылда тындырған ісінің барлығын да ғұмыр бойы інісін жоқтап, аңырап өткен анасы алдындағы перзенттік борышым деп біледі. Ал Сұлтанның қайтып оралуы тұтас елдің, жас ұрпақтың қуанышы екені аян.

Біз Сұлтан Еркімбаевтың Ресейдің Қорғаныс министрлігі архивінен табылған ерлік істері жөнінде кезінде «Егемен Қазақстан» газетінің оқырмандарын құлағдар еткен болатынбыз. Әңгіме барысында Харьков үшін жан алысып, жан беріскен шайқас өткен жерде Өмірзақ Бекділдаұлының бастамасы және демеушілігімен Сұлтанға арнап ескерткіш белгі орнатылғаны жөнінде де айтқанбыз. Изюмский ауданының Студенок селосындағы орта мектептен бір топ оқушылар Сұлтанның туған жері Науырзым ауданына келіп, қазақ халқының салт-дәстүрін, батырдың туған жерінің табиғатын тамашалап қайтты. Ал батыр оқыған Әулиекөл ауданындағы мектептен бір топ бала Сұлтан мәңгі тыныстап жатқан жерге барып келген. Оның барлығын да Өмірзақ аға өзі демеушілік жасап, ұйымдастырды. Жақында ол отбасын, жолдастарын және жергілікті баспасөз өкілін ертіп, Сұлтан жатқан бауырластар зиратына тағзым ету үшін Украина жеріне тағы да барып қайтты.

– Ұлы Отан соғысынан кейін ауылдың жылап-сықтағанын көріп өскен баламын. Анам қашан көзі жұмылғанша жалғыз інісін Сұлтаным деп аңсаумен өткен еді. «Жаназа да бұйырмады, атыңды да ешкім атамайтын болды-ау» деп жылайтын, жарықтық. Жеңістің 60 жылдығы аталған тұста мен де осы нағашымның сүйегі қай жерде қалғанын, қандай бауырластар зиратында жерленгенін білу мақсатымен іздестіргенмін. Подольскідегі архивтен келген құжаттар анамның айтатынындай, Сұлтан нағашымның «жай Сұлтан» еместігін, оның батыр Сұлтан екенін паш етті. 263-ші дивизияға қарасты 997-ші атқыштар полкінің арнайы мергендер ротасының мергені болған ол бірнеше рет көрсеткен ерлігі үшін «За боевые заслуги» медалімен, «Қызыл жұлдыз» орденімен, өзінің есімі жазылған арнайы қарумен және қаза тапқаннан кейін І дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен наградталған. Архив құжаттарында оның жүзге тарта фашистің көзін жойғандығы айтылған. Сонда 19 жасына дейін ғаламат ерлік көрсетіп, осы наградалардың барлығын алып үлгерген. Сұлтан менің нағашым ғана емес, біздің халықтың мақтанышы, кейінгі ұрпақтың ерлік үлгісі болсын деп, біраз жұмыс жасадым. Енді, біз де алпыстан асып кеттік, нағашымның басына тағы бір рет барып, құран бағыштауды жөн көрдім, – деді Өмірзақ Ихтиляпов Украинаға барған сапары туралы.

1943 жылы Харьков үшін болған алапат майданд

Соңғы жаңалықтар