Ресейлік ғарышкер Олег Скрипочка мен америкалық астронавтар Джессика Меир және Эндрю Морган Қазақстан жеріне сәтті оралды.
Роскосмос хабарламасына сүйенсек, экипаж командирі Олег Скрипочка Роскосмос бас директоры Д.Рогозинге жерге оралу барысына қатысты мәліметтерді штатты режимде хабарлады.
NASA басшысы Джим Брайенштейн «Союз МС-15» ғарыш кемесінің экипажын құттықтаса, өз кезегінде Роскосмостың бас директоры Дмитрий Рогозин де барлық экипаж мүшелерін құттықтауын арнап, Қазақстанға және кемені ғарышқа ұшуға дайындаған мамандарға алғысын білдірді.
«Союз МС-15» экипажы жерге пандемия кезінде оралғандықтан, оларды кеменің қону аймағынан эвакуациялау уақыты инфекцияны болдырмау үшін шектеледі. Медициналық тексеруден кейін ғана ғарышкер мен астронавттар тікұшақпен Байқоңырға жеткізіліп, ғарышкерлер өз елдеріне оралатын болады.