Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте айтты.
«Штаттық режимде жұмыс істеп жатқан 433 мектеп бар. 25 мыңнан астам оқушылар күнделікті штаттық кестеде оқып жатыр. Сондай-ақ пошта байланысы арқылы оқитын оқушылардың саны 4000-ға жуық. Интернет желісі төмен мектептерде осындай жүйе ұйымдастырылған. Олар қалыпты жағдайда жұмыс атқаруда», деді Шолпан Каринова.
Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдар мен әкімдіктер оқушыларды компьютермен және интернетпен қамтамасыз ету бойынша жұмыс істеуде.
«Әзірге мұғалімдер мен оқушыларға мектептердегі 250 компьютерлер таратылды. Осы жұмыс әрі қарай да жалғасып жатыр. Сондай-ақ тағы да 11 мыңнан аса компьютерлер қосымша сатылып алынып, мұғалімдер мен оқушыларға жеткізілді», деді вице-министр.