• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
11 Қыркүйек, 2013

Баудың орнында базар тұр

267 рет
көрсетілді

Қайбір жылы Жамбыл жерінде Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойы өтіп, той қарсаңында батырдың 30 томдық кітабы жарық көргенін ел жақсы біледі. Сол кітаптың 17-томының 165-166-беттерінен мына бір шағын оқиғаны оқып, таң қалдым. Бұл немістердің Мәскеуге ентелеп келе жат­қан кезінде болған. Орман ішінде жауға тойта­­рыс беретін алаң тар болғандықтан коман­дир қалың ағашты отауға бұйрық береді. Сол­даттар іске кіріскен кезде орманшы келіп: «Есть постановление Совнаркома за таким-то номером. Это заповедник. Вы за это будете привлечены к ответственности, никаких раз­говоров» деп қарсы шығыпты. «Я тогда лесничих еще слушался...», деп Баукең сол сұрапыл күндерді еске алады. Міне, бұл соғыс уақыты, өлім мен өмірдің сәт сайын алмасып, ағаш түгілі адамның баудай қырылып жатқан кезінде болған оқиға. Ал, біздің кейбір шымкенттік кәсіпкерлер айдың-күннің аманында, бейбіт заманда-ақ бірнеше гектар жер­­дің ағашын отап, орнына базар салып жібе­ріпті. Баукең жауды қырса, бұлар бауды қыр­ған ғой.

Шымкент қаласының шетінде, Қазығұртқа шығатын жолдың бойында жұрт «Жұманов көлік базары» деп атайтын үлкен сауда орны бар. Көрсең көздің жауын алатын көліктердің небір «көкесі» осында тұр. Әйтеуір, көлік алғысы, сатқысы келетіндердің бәрі осы жақты жағалайды. Бірақ, соңғы уақытта бұл базардың басынан бұлт кетпей қойды. Бір жағы бұл базар иесінің жұмбақ жағдайда қайтыс болып, отбасы мүшелерінің бір-бірімен айтысып-тартысып кетуі де бұл бұлтты қоюландыра түскендей... Мейлі ғой, бәріне уақыт төреші. Бізге белгілісі, осы базардың қожайындары кезінде облыстың орман қорынан 11 гектар жер жалға алған екен. Оның 8,54 гектары жасыл желегі жайқалып тұрған орман болған. Сөйтіп, көп өтпей-ақ осыншама ағаш оталып, бұл жерлер базар аумағына кіріп кетеді. Бұл мәселеде орман шаруашылығы, Шымкент қалалық әкімдігі, «Жұманов» ШК бірнеше рет соттасқан. Бірақ, ешқандай нәтиже жоқ, көлік базары әлі күнге кеңінен жайылып, саудасын жасап жатыр.

Енді мынаны қараңыз, көлік базарының маңында Қазығұрт, Сәуле шағын аудандары орналасқан. Тығыз орналасқандықтан мұнда 80 мыңға жуық халық тұрады. «Екі шағын ауданда да аурухана, балабақша, саябақ, спорт кешендері атымен жоқ. Әлгі баудан ең болмағанда осындай әлеуметтік нысандарға орын беруге болар еді ғой. Бұл Шымқаланың көркін аша түсер еді. Ал, бұл маңдағы халық «Жұманов» базарынан қайта зардап шегіп отыр. Сенбі-жексенбі күндері базар маңы көлік пен халыққа толып кететіндіктен «Қазығұрт» пен «Сәулеге» баратын жолдарды былай қойғанда, халықаралық дәрежедегі Шымкент-Ташкент бағытындағы тас жолдың өзімен жүру мүмкін болмай кетеді. Тіпті «Жедел жәрдемнің» діттеген жеріне жете алмай тұрғанын талай мәрте көрдім. Айтқан жерден аулақ, бұл маңнан жазатайым от шықса өрт сөндіру техникасының жылдам жете алмайтыны тағы анық. Қалай айтсақ та, бұл базар екі шағын ауданға өтетін қылкөпір сияқты. Құдайға шүкір, Шымкент етегін кеңге жайып, күннен-күнге көріктеніп, базарларының бәрін сыртқа көшіріп жатыр. Бұл базарға да сондай уақыт келген секілді. Сенбі, жексенбі күндері үлкен жолдың айналасының бәрі көлік тұрағына айналып кетеді. Білуімізше, ол көлік иелерінен ақша алынады, бірақ та лон берілмейді деп күйінеді «Қазығұрт» ша­ғын ауданының тұрғыны, тыл ардагері Б.Қалдыбеков.

Шынында, бұл базар маңында қалыптасқан қиын ахуал туралы тұрғындар бірнеше мәрте арызданып, бұл дауды ақпарат құралдары бірнеше мәрте жазды. Бірақ, бәрі жарға соққан жаңғырықтай үні үңгірден шықпай, ешкім құлақ аспай жатыр. Былайша айтқанда, бұған алаңдап жүрген жергілікті билік жоқ. Әлде баудың орнында тұрған базардың артында біреулердің мүддесі тұр ма?

Оралхан ДӘУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Оңтүстік Қазақстан облысы.

Коллажды жасаған Амангелді ҚИЯС.

Соңғы жаңалықтар