• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Сәуір, 2020

Қостанай облысы: Карантин көктемгі егіс науқанына кедергі етпейді

162 рет
көрсетілді

Қостанай облысында карантин уақытында  көктемгі егіс жұмыстарына дайындық тоқтамайды. Диқандар тосқауыл бекеттерінен кедергісіз өту үшін  арнайы «жасыл дәліз» ұйымдастырылады. Бұл туралы  өңірлік коммуникация қызмет орталығында өткен баспасөзө жиынында ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Жансұлтан Тәукенов айтты.

– Көктемгі дән сіңіру науқанын ойдағыдай өткізу мақсатында осындай тоқтамға келіп отырмыз. Облыста 27 тосқауыл бекеті бар. Карантин жағдайында ауылшаруашылық тауарын өндірушілерге жеңілдіктер қарастырылған.  Тосқауыл бекеттерінен ауылшаруашылық техникалары кезектен тыс өткізіледі. Ауылшаруашылық кәсіпорындарының басшылары мен жұмысшылары, агроном, инженерлері жеңіл көлікпен жүрген жағдайда тосқауыл бекеттерінен өту үшін жүргізушінің жеке куәлігін немесе шаруашылық басшысы берген анықтаманы көрсетуі тиіс. Аудан және қала әкімдіктеріне тосқауыл бекеттерінен 200 метр қашық жерде өту тәртібі туралы ақпараттық тақта іліп қою міндеттелді. Бұл көктемгі егін науқанына кіріскен диқандардың жолда уақыт жоғалтпауына мүмкіндік береді, - деді басқарма басшысы.

 

Қостанай облысы