• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
11 Қыркүйек, 2013

Есірткі сатқан полицей оң мінездемесімен зонаға кетеді

301 рет
көрсетілді

Атырау облысы Индер аудандық ішкі істер бөлімінде қызмет атқарған полицей есірткі саудасымен айналысқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Атырау облысы Индер аудандық ішкі істер бөлімінде қызмет атқарған полицей есірткі саудасымен айналысқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл туралы хабарлаған облыстық соты­­­ның баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиевтің айтуынша, ішкі істер бөлімінің қызметкері Хамит Нұрымов қылмыстық кодекстің 259-бабы 3- тармағы («Аса ірі мөлшерде есірткі заттарды өткізу, дайындау, ұқсату, жөнелту мақсатында заңсыз иемденіп алу, сақтау») бойынша кінәлі деп танылған.

Айыптау үкімінде атап көрсетілген­­­дей, Индер аудандық ішкі істер бөлімін­де жедел уәкілетті қызметкері болып жұмыс істеген Қызылорда облысының 23 жастағы тумасы өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде марихуананы заңсыз иемденіп, сақтаған. Былтырғы жылдың қыркүйегінде полицей өз танысына бір килосын 250-300 мың теңге бағаға марихуана сатып алушы­ларды тауып беруді сұраған көрінеді. Ал танысы сол бойда полицияға хабар салған. Қазан айында есірткі саудагерін батыс өңірлік ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері есірткі сатпақшы болған полицейді қамауға алды.

Қылмыстық істер жөніндегі аудан­аралық мамандандырылған соты Х.Нұ­рымовқа мүлкін тәркілеумен қатар, қатаң режимдегі колонияда 10 жылға бас бостандығын айыруға үкім шығарды. Сот жаза тағайындау кезінде оның жазасын жеңілдетуде Нұры­­мов­тың бұрын сотталмағанын, сонымен қатар жұмыс орнынан берілген оң мінез­де­мені қаперге алды.

Құрыш НҰРЫМБЕТ.

Соңғы жаңалықтар