• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 17 Сәуір, 2020

Ресей жеңіс шеруін шегіндірді

212 рет
көрсетілді

Әлемді жайлаған жұқпалы дерттің кесірінен Ресей астанасында 9-мамыр күні өткізілуі тиіс Жеңістің 75 жылдық мерекелік парады кейінге шегіндірілді. Бұл туралы ел президенті Путин қауіпсіздік кеңес жиыны үстінде мәлім етті.

Бұл үкім тек Қызыл алаңға ғана қатысты емес, республиканың түкпір-түкпірінде өтетін барлық жиын-той, шеру-шараның барлығына ортақ. Ресей билігінің мұндай шешім қабылдауына бір жағынан соғыс ардагерлерінің ең жасы 90-ды еңсергендіктен қарияларды қырып алу ықтималдығы басым.

Бұл шараға барлық мемлекет басшылары шақырылған болатын. Сол себепті ұлы той жыл аяғына дейін әйтеу бір өтері анық. Путин солай депті.