• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
11 Қыркүйек, 2013

Ядролық сынақтардың зардаптары оқушыларды да толғандырады

321 рет
көрсетілді

Елордадағы байырғы білім ұяларының бірегейі Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында «Ядролық сынақтардың себептері мен зардаптары» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Оған қала мектептерінің оқушылары қатысып, ядролық сынақтардың келтіретін қасіреттері туралы ой бөлісіп, мұндай алапат қаруды жер бетінен мүлде жойып, баянды бейбітшілік орнату жөніндегі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы идеяларын қолдайтындықтарын білдірді.

Аталмыш шара аясында №4 мектеп-гимназияның оқу­шылары Ғ.Абдуғалимов, А.Мергенбек, Н.Ғазизова, №19 мектептен Т.Есен­гелдина, №24 білім ұясынан М.Ибраим, №29 мектептен А.Амангелдинова, №56 мектептен Ж.Мықтыбаева, №63 мектептен Д.Рахымбеков, №68 мектептен Е.Белялов қазақ топырағында 40 жылдан аса жасалған сынақтар туралы пі­кірлерін ортаға салып, адам жанын түршіктіретін мысалдарды алға тартты. Дөңгелек үстелге тек Астана қаласы мектеп оқушылары ғана емес, Ақмола облысы, Цели­ноград ауданы, Максимовка ауыл­дық округіндегі орта мектеп оқушысы Нәзира Ермек те келіп, «Ядролық сынақтардың қоршаған ортаға зия­ны» атты тақырыпта өз байламын ортаға салды. Оның бейбіт өмірге құлшынысы, алапат қарудан арылу арқылы адамзатқа бақыт сыйлау керектігі туралы тың тұжырымдары жиналғандардың көңілінен шықты.

Сол секілді оқушылардың бас­тамасымен өткен басқосуда Қазақ гуманитарлық заң уни­верситетінің халықаралық құқық және ха­лық­аралық қаты­настар факуль­тетінің студенті Әбіл Сырым «Ядролық қару­сызданудың көш­басшысы – Қазақстан» деген тақырыпта баян­дама жасап, Хиросима, На­гасаки, Семей полигонына қатысты суреттерді, плакаттарды, слайдтарды жұртшы­лықтың наза­рына ұсынды.

Қазақ елінің болашағына өз үлестерін қосуды мақсат еткен, отаншылдық рухы мықты жастар бұл бастамасына ұйытқы бол­ған аталмыш мектептің тарих, қазақ тілі пәндерінің мұғалімдері Г.Байқадамова, Д.Ақжанова, Ж.Мұс­­тафина, А.Сейдуалиева, Г.Сұлтанбаева, С.Маханова және Мем­­лекеттік тарих институтының жетекші қызметкері С.Дүйсен, т.б. азаматтар екенін айта кеткеніміз ләзім.

Серік ҚАНБАЕВ,

Ж.Жабаева атындағы

№4 мектеп-гимназиясының мұғалімі.

Соңғы жаңалықтар