«Егінжай-2013» бағдарламасы аясында «ҚазАгро» арқылы отандық диқандарға қолдау көрсетіледі.
Қазақстанның негізгі астық егу аймақтарында қызу жұмыстар басталды. Бірқатар аймақтарда тамыз айының жаңбыры астықтың пісуіне және астық жинау уақытының созылуына кесірін тигізді. Сондықтан диқандардың басты мақсаты – соңғы уақытта болған, дегенмен сенімсіз күншуақты ауа райын пайдаланып қалу болды.
«Егінжай-2013» бағдарламасы аясында «ҚазАгро» арқылы отандық диқандарға қолдау көрсетіледі.
Қазақстанның негізгі астық егу аймақтарында қызу жұмыстар басталды. Бірқатар аймақтарда тамыз айының жаңбыры астықтың пісуіне және астық жинау уақытының созылуына кесірін тигізді. Сондықтан диқандардың басты мақсаты – соңғы уақытта болған, дегенмен сенімсіз күншуақты ауа райын пайдаланып қалу болды.
Алдағы қиындықтарды ескере отырып «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі отандық диқандардың мүмкіндіктерін барынша күшейтуге тырысты. Ауылшаруашылық кәсіпкерлеріне көмек ретінде «Егінжай-2013» бағдарламасы аясында астық және мақта жинаушы комбайндар мен осы маусымда қажеттілік туғызған астық кептіру жабдықтарын иелену кезіндегі жаңа қаржыландыру шарттары бекітілді. Сонымен қатар, «ҚазАгро» Холдингі шаруалардың бірнеше рет жасалған сұраныстарын ескере отырып, алыс шетелде қолданыста болған техниканы иелену мүмкіндігін туғызды. Енді, Холдингтің еншілес компаниясы – «ҚазАгроҚаржы» арқылы шаруалар қолданыста болған жоғары өнімді техниканы қолайлы шарттармен төмен бағаға сатып алуына болады.
Аталған шаралар қызу жұмыс науқанында комбайндарды жалға алуға мәжбүр болатын, сонымен қатар, агротехникалық мерзімдерді бұза отырып, астықтан толығымен айырылып, кем дегенде астық сапасын жоғалту қаупі бар қаржысы шектеулі шаруаларға елеулі көмек болуы тиіс.
Ағымдағы жылдың басынан «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру аясында еліміздің агросаласына 69,5 млрд.теңге инвестициялады. Егін егу және жинау жұмыстарына дайындық кезінде Холдингтің еншілес компаниялары 3 630 ауылшаруашылық кешені субъектілерінің өтінімдерін қаржыландырды, бұл 5,7 млн.га жерді өңдеу мен егуге мүмкіндік берді.
Астық жинау науқанын қаржыландыруға Холдинг жалпы 17 млрд.теңге бөлуді көздеп отыр. Шаруалар мен агроқұрылымдарды қолдау несиелік ресурстар мен түрлі ауылшаруашылық техниканы лизингке беру арқылы жүзеге аспақ. Бұл соманың 13 млрд.теңгеге жуығы «ҚазАгроҚаржы» АҚ-тың астық жинау техникасы мен жабдықтарын сатып алуға арналған бюджеттік емес көздерінен болып табылады. Сондай-ақ, Аграрлық несиелік корпорациясының қаржысы тікелей несиелеу мен Несиелік серіктестер жүйесі арқылы қаржыландыруға бағытталады. Оңтүстік өңірлердегі мақташыларды қаржыландыру үшін және өзінің «Егінжай» бағдарламасы аясында Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау Қоры 500 млн.теңге бөледі.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ «Егінжай-2013» бағдарламасы шеңберінде астық жинау техникасын лизингке берудің бірқатар жеңілдіктерін ұсынып отыр. Жаңа шарттарға сәйкес бастапқы /аванстық/ төлем төмендетілді. Енді ол 2013 жылдың 15 қарашасына дейін мерзімін ұзарту мүмкіндігімен 10 пайызды құрайды. Сонымен қатар, Агробизнес-2020 бағдарламасы аясында субсидиялау есебінен сыйақы мөлшерлемесі 5,8 пайызға дейін төмендетілді. Бұл шарттар «Егінжай-2013» бағдарламасы аясында астық жинау және мақта жинау комбайндарын алу кезінде де қолданылады. Бұл ретте лизингке біршама қымбат емес және қызмет көрсетілуі шығынды емес қазақстандық және ресейлік өндірушілердің – «Нива», «Енисей», «Essil», «Вектор», «Акрос» комбайндары мен оларға бағалық және техникалық сипаттары жағынан сәйкес астық және мақта жинаушы техникалары беріледі.
Жалпы, 2013 жылдың астық жинау жұмыстары шегінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ-та бүгінгі күні 16 миллиардтан астам теңгені құрайтын астық жинау жұмыстарына түрлі ауылшаруашылық техникасын алуға 1000 бірліктен астам өтінімдер келіп түсті, оның 600 бірлігін комбайндар құрайды.
«ҚазАгро» Ұлттық Холдингінің басқа қаржылық еншілес компаниясы – Аграрлық несиелік корпорациясына көктемгі дала және жинау жұмыстарын несиелендіру аясында несиелік серіктестер жүй