Халықаралық ғалымдар тобы сусамырмен ауыратындардың коронавирус инфекциясын жұқтыру салдары қайғылы жағдаймен аяқталады деген тоқтамға келіп отыр.
Зерттеу нәтижесі бойынша иммундық жасушалардағы өзгеріс метаболизмнің жоғарылауына апарады. Нәтижесінде COVID-19 ағзадағы глюкозаның алмасуын жоғарылататыны анықталған. Сонымен қатар ағзада иммундық жасушалар шамадан тыс көбейеді. Көбінесе өкпеде пайда болатын бұл өзгерістің салдары қант диабетіне шалдыққан науқастың өміріне қауіп төндіреді. Цитокин – иммундық жасушалардың белсенді компоненттері, ал тұмауратқан кезде ол күшейе түседі. Коронавирус инфекциясы кезінде дәл осы жағдай орын алады, дейді зерттеушілер. Ғалымдар зерттеу барысында кеміргіштерге ағзада цитокиндерді арттыратын глюкоминдер берген. Сонымен қатар тұмаумен ауырғандардың қанын зерттеп, қорытындысын сау адамның қанымен салыстырған.
Ғалымдардың осыдан 3 жыл бұрын бастаған зерттеу жұмыстары өткен жылға дейін жалғасын тапқан. Нәтижесінде белгілі болғанындай, глюкоза цитокиннің өршуіне соқтырады, ал вирус ағзаға түскен кезде оның деңгейіне әсер етеді.