• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
11 Қыркүйек, 2013

Кардиохирургтердің конгресі

261 рет
көрсетілді

Астанада Кардиохирургтердің II Ұлттық конгресі болды. Оған АҚШ, Еуропа, Ресей, Орталық Азия мемлекеттерінен әлемге әйгілі ғалымдар жиналып, медицина ғылымының дамуы, халықаралық байланыс­тарды жетілдіру тұрғысында ой бөлісті.

 

Астанада Кардиохирургтердің II Ұлттық конгресі болды. Оған АҚШ, Еуропа, Ресей, Орталық Азия мемлекеттерінен әлемге әйгілі ғалымдар жиналып, медицина ғылымының дамуы, халықаралық байланыс­тарды жетілдіру тұрғысында ой бөлісті.

Конгрестің ашылу рәсімінде сөз алған Денсаулық сақтау министрі С.Қайырбекова Қазақстанда халыққа кардио­хирургиялық көмек көрсетуге айрықша көңіл бөлініп отыр­ғанын тілге тиек етті. Бүгінгі таңда 5 республикалық, 11 өңір­­­лік кардиохирургиялық орта­лық, көпбейінді ауруханаларда 11 бөлімше халыққа қызмет көрсетуде. 26 инсульт орталығы ашылып, биылғы жылы тағы 22 осындай орталықты іске қосу жос­парланып отыр.

Жүрекке ашық операция жасау Қазақстанда осыдан 5 жыл бұрын ғана қолға алынса, өткен жылы отандық дәрігерлер 20 мыңнан астам күрделі ота жасады. Ал биыл олардың саны 28 мыңнан асты.

Кешенді іс-шараларды іске асыру нәтижесінде соңғы 2 жыл ішінде қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімді 20 пайызға азай­туға қол жеткізілді. Қазіргі таң­да Қазақстан жүрекке ашық бірегей операциялар жасайтын 22 озық елдің қатарына кіріп отыр. Кардиохирургиялық және кардиохирургиялық қызметті дамытудағы Қазақстанның тә­жірибесі бүгінгі таңда өзге ел­дердің қызығушылығын тудыруда.

Айжұлдыз ЕРБОЛАТҚЫЗЫ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті.

Соңғы жаңалықтар