• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Спорт 18 Сәуір, 2020

Теннис ұйымдары ойыншыларға қолдау көрсетеді

103 рет
көрсетілді

Біраз уақыт бойы коронавируске байланысты көптеген турнирлердің өтпей қалғанын ескерген әлемдегі ең белді теннис ұйымдары осындай қиын сәтте ойыншыларға қолдау көрсетуді құп көрді.

Қазіргі кезде олар қаржы қорын құрып жатқан көрінеді. «Коммерсант» басылымының мәлімдеуінше аталмыш қорға шамамен 5 пен 8 миллион доллар жиылуға тиіс. Бұл ақша ортаң қол ойыншылар арасында таратылады.

 

Ал канадалық тілші Стефани Майлздің жазғанына сенсек, сол қаражатқа әлемдік рейтингте 250-700 сатыларға жайғасқан теннисшілер иелік ете алады. Шамамен әр спортшы 10 мың доллардан алуға құқылы.