• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Сәуір, 2020

Теміртауда COVID-19 жұқтырудың екі оқиғасы тіркелді

137 рет
көрсетілді

Бүгін Темрітау қаласындағы екі тұрғынның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны зертханалық негізде расталды. Науқастардың бірі 18 жастағы жас жігіт. Екіншісі – 52 жастағы ер адам.

Бұлардың екеуі де бұрын ауырғандармен байланыста болған деген күдікпен карантиндік стационарға жатқызылған екен.

Бүгінгі күнде Қарағанды облысында COVID-19 жұқтырудың 89 оқиғасы тіркелген. Бес науқас жазылып шығып, бір адам қайтыс болды.

Облыс бойынша тәулік бойы бақылауда 781 адам бар. Үй карантинінде 2 340 адам отыр.