Бүгінгі таңда әлемдік компаниялардың 50 пайызы ғана қашықтан жұмыс істеуге дайын. Дүниежүзілік экономикалық форумның жетекші экономисі Роберто Кротиге осы мәселеге қатысты пікірін білдіре келе«Бұл кейбір компаниялардың цифрландыруға ауыстыруға келмейтін секторларда жұмыс істейтіндігіне және ішінара жұмыстарын икемді жүйеге көшіруінің кешеуілдеуіне байланысты» деп атап өтті.
ДЭФ сарапшысының мәліметтері бойынша G20 елдеріндегі компаниялар орташа есеппен 2015 және 2017 жылдар аралығында қашықтықтан жұмыс істеу қабілеттерін арттырған.
Алайда 2017 жылдан кейін ешқандай өсу көрсеткіштері байқалмаған.
Ендігі кезекте нарықтағы ахуал тың деректер негізінде сарапталатын болады.