• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
11 Қыркүйек, 2013

Қауымдастықта – жаңа басшы

315 рет
көрсетілді

Кеше Астанада Қазақстан спорт баспасөзі қауымдастығының кезекті отырысы болды.

 

Кеше Астанада Қазақстан спорт баспасөзі қауымдастығының кезекті отырысы болды.

Отырыста бірнеше мәселе қа­ралды. Әуелі қауымдастық президенті, республикалық мем­лекеттік тілді «Sport» және орыс тілді «Спорт» газеттерінің директор-бас редакторы, белгілі журналист-жазушы Несіп Жүніс­байұлы қауымдастықтың мақсат-міндетін айта келіп, осы кезге дейін атқарған жұмысы жөнінде есеп берді. Ол қауымдастықтың қызметіне өз бағасын бере келіп, қазіргі жұмысына тың идеялар мен жаңа жоба-жос­пар­лардың керектігіне назар аударды. Осыдан кейін ол ҚСБҚ президенті қызметінен өз еркі­мен босану жөнінде шешім қабыл­дағанын және жиналған әріп­тес інілерінен осы шешімін қол­дауға өтінішін білдірді. Жи­ында әріптестері оның бұл ше­ші­мін қолдайтындарын айтып, оны қауымдастықтың құрметті президенті болып сайлайтын­да­рын жеткізді. Жиында Қазақ­стан спорт баспасөзі қауым­дас­ты­ғы­ның президенті болып әріп­тесі­­міз Ілияс Омаров сайланды. Ол бір­неше жылдан бері Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы қызметін атқарады. Бірнеше шет тілін біледі, спорт тақырыбына да бірнеше жылдан бері қалам тартып жүрген әріптесіміз.

Жиында қаралған тағы бір мәселе қауымдастықтың атқа­­­ру­шы комитеті мүшелерін сай­лауға арналды. Оған 16 адам­ның тізімі ұсынылды. Бірақ, үміт­керлердің көптігіне байла­нысты атқарушы комитеттің мү­шелігіне ешкім сайланбай, мүше­лікке сайлау мәселесі кейін­ге қалдырылды. Бұл мәселе жө­ніндегі ойын Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төр­аға­сының орынбасары Елсияр Қана­ғатов жақсы айтты. Ол спорт журна­лис­теріне электронды пош­таларына үміткерлердің тізімін жі­беріп, атқарушы комитеттің мүшелерін дауысқа салу бойынша сайлауды ұсынды. Оның бұл ұсынысы бірден қолдау тапты. Осыдан кейін отырыста «Алаш айнасы» газеті спорт бөлімінің меңгерушісі Нұрғазы Сасаев қа­уымдастықтың жұмысында мем­­­лекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мәселесіне назар ау­дар­ды.

Отырыста қауымдастықтың кеңсесін ашу, оған қызметкерлер алу, журналистердің шетелге іс сапарына демеуші іздеу мә­селесі қаралды. «KAZSport» теле­арнасының директоры Ди­ас Ахметшәріп пен «Экс­­пресс­­­-К» газетінің спорт журна­ли­сі Мак­сим Карташов «Сам­ұр­ық-Қа­зына» ҰӘҚ АҚ-ға қауым­дас­тық­қа демеуші болуға өтініш біл­­дірді. Осыған орай «Самұрық-Қа­зына» ҰӘҚ АҚ қоғаммен байланыс департаментінің бастығы Айдар Махметов өтініштің ор­­­ын­д­алу мүмкіндігі бар екенін жеткізді.

Дастан КЕНЖАЛИН,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар