Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны 41 адамға жетті. Осы сәтке дейін тағы 4 адамнан індет белгісі анықталды. Ал сауыққан пациент саны – 8.
Соңғы тіркелген 4 науқас Еңбекшіқазақ ауданының аумағынан шықты. Олар бұған дейін анықталған науқастармен тығыз байланыста болған екен. Жалпы, қазір Алматы облысында 8240 адам статционарлық карантиде жатса, 475 адам үйде оқшауланған.
Аймақ дәрігерлерінің арасындағы індет жұқтыру дерегі Іле ауданыда тіркелді. Коронавирус белгісі табылған аудандық аурухананың терапевт дәрігері оқшауланған, онымен байланыста болған екі медбике бақылауда. Ал індет шыққан аурухана бөліміндегі карантин шарасы күшейтіліп, ем-дом алып жатқан 320 науқас та оқшауланған.