Өңірлік жедел штаб Жітіқара қаласында коронавирус инфекцияның жаңа 2 жағдайы тіркелді, - деп мәлімдеді. COVID-19 жұқтырғандардың бірі – 33 жаста, екіншісі 1950 жылы туған зейнеткер. Қазір науқастардың жағдайы қанағаттанарлық.
Қажетті ем алып жатыр.Олармен байланысқан азаматтар анықталып, дәрігерлік бақылауға алынады. Індет ошағына зазалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
Осымен аймақта 11 адамнан індет анықталды.15 сәуірде 1 науқас көз жұмды.
Қостанай облысы